Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан"

Заң · № 98-II · қабылданған 13.11.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7403/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан" Қолданыста 13.11.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан"

Қолданыста Заң № 98-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
98-II
Қабылданған күні
13.11.2000
Көрсетілген редакция
13.11.2000 AI7403_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000098_
ЭКБ идентификаторы
7403
Редакция идентификаторы
AI7403_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:11
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, N 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
149-бапта:

1) бірінші бөлікте:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) акцизделетін тауарлардан басқа мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;";
мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан
Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін
бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан
Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін
тауарлар.";

2) үшінші бөлік "12)" деген цифрдан кейін ",17), 18)" деген

цифрлармен толықтырылсын.