Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса

Бұйрық · № 275 · қабылданған 19.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74033/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса Қолданыста Бұйрық ·№ 275 ·19.08.2013
26.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса

Қолданыста Бұйрық ·№ 275 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса
Атауы (қаз.)
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
275
Қабылданған күні
19.08.2013
Көрсетілген редакция
26.09.2024 74033_721777.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008628
ЭКБ идентификаторы
74033
Редакция идентификаторы
74033_721777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:28

0 Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы

Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
2013 жылғы __ тамыз
______ Ә.Б. Жанәбілова

4 Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 275 бұйрығымен бекітілген
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің (бұдан әрі – Қағидалар) қағидасы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар жеке практикамен айналысатын нотариустерде немесе мемлекеттік нотариустерде тағылымдамадан өтеді.

3 3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.

2 2-тарау. Нотариуста тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу тәртібі

4 4. Жекеше нотариуста тағылымдамадан өтуі үшін ақы мөлшері тағылымдамадан өткен әрбір ай үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады.

Мемлекеттік нотариуста тағылымдамадан өту ақысыз негізде жүзеге асырылады.

5 5. Тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу ай сайын, ақы төленуге жататын тағылымдамадан өтудің алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірілмей жүргізіледі және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырылады.

6 6. Тағылымдамадан өту мерзімі кемінде бір жылды құрайды.

7

8 8. Ақы төлеу фактісі нотариаттық палатаның бухгалтериясы берген тиісті қаржылық құжаттармен, не банктің төлем құжатымен расталады.

9 9. Тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өту үшін ақыны уақтылы төлемеген жағдайда, аумақтық нотариаттық палата тағылымдамадан өту туралы шартты бұзады.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Осы Қағидамен регламенттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және аумақтық нотариаттық палатаның Жарғысымен шешіледі.

Қолданыстағы