Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Колтоган, Рысбек батыр и Ертай Боралдайского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Колтоган, Рысбек батыр и Ертай Боралдайского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Рысбек батыр және Ертай ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 01.08.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2013 74037_207654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GDB01991
- ЭКБ идентификаторы
- 74037
- Редакция идентификаторы
- 74037_207654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:34
0 Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Рысбек батыр және Ертай ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/62 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Рысбек батыр және Ертай ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Қазыбек Тұралыұлы Азимовке жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
"Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
1 тамыз 2013 жыл
Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
"Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
1 тамыз 2013 жыл
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
1 тамыз 2013 жыл