Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обмена информацией единого накопительного пенсионного фонда с уполномоченной организацией об индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей)

Қаулы · № 839 · қабылданған 26.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74074/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил обмена информацией единого накопительного пенсионного фонда с уполномоченной организацией об индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей) Күшін жойған Қаулы ·№ 839 ·26.08.2013
12.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обмена информацией единого накопительного пенсионного фонда с уполномоченной организацией об индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей)

Күшін жойған Қаулы ·№ 839 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обмена информацией единого накопительного пенсионного фонда с уполномоченной организацией об индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей)
Атауы (қаз.)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
839
Қабылданған күні
26.08.2013
Көрсетілген редакция
12.03.2015 AI74074_4.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000839
ЭКБ идентификаторы
74074
Редакция идентификаторы
AI74074_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:26

0 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы

1 1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының

уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары
туралы ақпарат алмасуы қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 26 та­мы­зда­ғы
№ 839 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидалары

1

1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі - Орталық) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Орталық арасында

алмасуға жататын:

1 1) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттары;

2 2) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар;

3

3) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу немесе енгізбеу туралы ақпарат.

3 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Орталыққа 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.

4 4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын Орталыққа халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.

5 5. Орталық ұсынылған ақпарат негізінде:

1

1) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы деректерді, оның ішінде Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты;

2

2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастырады.

6 6. Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.

7 7. Ақпарат алмасу ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржылық жүйесін пайдалана отырып, электронды тәсілмен жүзеге асырылады.

17 Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат ______________________________________________________________

Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның
Ор­та­лық­пен са­лым­шы­лар­дың
(алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы
шот­та­ры ту­ра­лы ақ­па­рат
ал­ма­суы қа­ғи­да­ла­ры­на
қо­сым­ша
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат ______________________________________________________________
(зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары)
Же­ке зей­не­та­қы шо­ты­ның нө­мі­рі
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (болған кез­де)
Ту­ған кү­ні
ЖСН
Жы­ны­сы
Ағым­да­ғы жыл­дың 1 қаң­та­ры­на зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын тө­леу/ауда­ру со­ма­сы
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын тө­леу/ ауда­ру кү­ні
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын тө­леу/ ауда­ру се­бе­бі *
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
9-11-бағандар әрбір зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару бойынша жеке толтырылады;
* - оның ішінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару.

Қолданыстағы