Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 855 · қабылданған 26.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74080/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 855 ·26.08.2013
25.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 855 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
855
Қабылданған күні
26.08.2013
Көрсетілген редакция
25.01.2024 74080_684377.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000855
ЭКБ идентификаторы
74080
Редакция идентификаторы
74080_684377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:25

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 855 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

4 4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 349-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесінде:
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер» деген 2-бөлімде:

18 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

18 «18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;».

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8 8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

9 9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

10 10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 14.07.2016 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы