Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил погребения лиц, уголовное преследование в отношении которых в связи с их участием в террористической деятельности прекращено из-за их смерти, наступившей в результате совершения ими акта терроризма, а также при пресечении совершаемого ими акта терроризма

Қаулы · № 858 · қабылданған 26.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74082/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил погребения лиц, уголовное преследование в отношении которых в связи с их участием в террористической деятельности прекращено из-за их смерти, наступившей в результате совершения ими акта терроризма, а также при пресечении совершаемого ими акта терроризма Қолданыста Қаулы ·№ 858 ·26.08.2013
26.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил погребения лиц, уголовное преследование в отношении которых в связи с их участием в террористической деятельности прекращено из-за их смерти, наступившей в результате совершения ими акта терроризма, а также при пресечении совершаемого ими акта терроризма

Қолданыста Қаулы ·№ 858 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил погребения лиц, уголовное преследование в отношении которых в связи с их участием в террористической деятельности прекращено из-за их смерти, наступившей в результате совершения ими акта терроризма, а также при пресечении совершаемого ими акта терроризма
Атауы (қаз.)
Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты кылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
858
Қабылданған күні
26.08.2013
Көрсетілген редакция
26.08.2013 AI74082_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000858
ЭКБ идентификаторы
74082
Редакция идентификаторы
AI74082_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:25

0 Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты кылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 858 қаулысымен
бекітілген
Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары

1

1. Осы Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерленген орын туралы хабарланбайды.

3

3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады және туыстары жоқ адамдарды жерлеу үшін арнайы бөлінген орындарға (зираттарға) жерлеу рәсімі бойынша халыққа қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдар (бұдан әрі - жерлеуді жүзеге асыратын ұйымдар) жүзеге асырады.
Жерлеу бойынша қызмет көрсетушіні таңдау, сондай-ақ онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4 4. Жерлеуді жүзеге асыру үшін қылмыстық қудалау органы осы

Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға қажетті ілеспе құжаттарды, оның ішінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты қылмыстық істі және қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесін, сондай-ақ сот-медициналық сараптамасы органы берген қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікті жолдайды.

5 5. Шетел азаматтарының және Қазақстан Республикасына басқа

мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдардың қайтыс болғаны туралы алдын ала тергеу жүргізген орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы тиісті мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне хабарлайды.

6 6. Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің негізінде жерлеуді жүзеге асыратын ұйымның әкімшілігі тіркеу кітабында тиісті жазба жүргізеді және қабірге зиратқа тіркеу нөмірін береді.

Тіркеу кітабына мынадай мәліметтер: жерлеу жылы, айы, күні, қабірдің нөмірі, туған және қайтыс болған күні, қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің нөмірі, күні және кім бергені, жерлеуді жүзеге асыратын ұйымның атауы мен мекенжайы жазылады.
Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты тіркеу кітабында көрсетілмейді.
Жерлеуді жүзеге асыратын ұйым әкімшілігі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жерлеу күнін көрсетіп, кейіннен оны қылмыстық іске тігу үшін алдын ала тергеуді жүргізетін органға жіберу мақсатында жерлеу туралы куәлік береді.

7 7. Қайтыс болғандарды жерлеу орындарына тасымалдау мен жеткізуді жабық табыттарда (қажет болған жағдайда мырышталып, дәнекерленген түрде) жерлеуді жүзеге асыратын ұйым жасайды.

8 8. Қабірді қазуды, табытты оған түсіруді, қабірге топырақ салып жабуды жерлеуді жүзеге асыратын ұйым жүргізеді.

9

9. Алдын ала тергеуді жүргізетін органның шешімі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың туысқандарына сот-медициналық сараптамасы органы берген қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің және мәйіттің сот-медициналық сараптамасы қорытындысының көшірмелері беріледі, сондай-ақ адамның алуға және қылмыстық іске тігуге жатпайтын жеке заттары беріледі.

10 10. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеу іс-шараларын қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы