Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования сельхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Қаулы · № 241 · қабылданған 09.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74088/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования сельхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства Қолданыста Қаулы ·№ 241 ·09.08.2013
25.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования сельхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Қолданыста Қаулы ·№ 241 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования сельхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
Атауы (қаз.)
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
241
Қабылданған күні
09.08.2013
Көрсетілген редакция
25.12.2015 74088_138500.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13M0002287
ЭКБ идентификаторы
74088
Редакция идентификаторы
74088_138500
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:31

0 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар бекітілсін:

1 1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;

2 2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары;

3 3) осы қаулының 3–қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары.

2 2. Субсидия берілу мерзімі - 2013 жыл, қаржыландыру көзі – Маңғыстау облысының ағымдағы қаржы жылының бюджеті болып анықталсын.

3 3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):

осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
М.Т. Умирьяев
09 тамыз 2013 ж.
Маңғыстау облысының
қаржы басқармасының басшысы
М.Б. Альбекова
09 тамыз 2013 ж
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы
басшысының міндетін атқарушы
Ж.Ұ. Ұланова
09 тамыз 2013 ж.

9 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 1 - қосымша
Басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

р/б
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған бюджеттік субсидияның нормалары, теңге
1.
Көкөніс және бақша дақылдары
12 000
2.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары
48 000
3.
Өнеркәсіп үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)
2 000 000
4.
Жеңілдетілген үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)
300 000
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған іс-шаралардың қаражат көлемі 41 235 000 теңге (қырық бір миллион екі жүз отыз бес мың теңге) құрайды.

10 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 2 - қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары

р/б
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
1.
Аммиак селитрасы (N-34.4)
тонна
50
28 900
2.
Аммофос (N-10: P2О5-46)
тонна
50
45 000

11 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 3 - қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары

р/б
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік-
тің құнын арзанда-
ту пайызы, дейін
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
1.
Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ)
килограмм
30
177
2.
Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +TE)
килограмм
30
157
3.
Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +TE)
килограмм
30
154
4.
Монокалий фосфат
тонна
30
33 800
5.
Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы)
тонна
30
16 400
6.
Калий нитраты
тонна
30
26 000
7.
Магний сульфаты
тонна
30
17 200
Тыңайтқыштардың (органикалық қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған іс-шараларға қажетті қаражаттың көлемі 13 314 000 теңге (он үш миллион үш жүз он төрт мың теңге).

Қолданыстағы