О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1749
- Қабылданған күні
- 23.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2024 7412_685834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001749_
- ЭКБ идентификаторы
- 7412
- Редакция идентификаторы
- 7412_685834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:09
0 Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.29. N 1342; 2004.07.20. N 775; 2004.10.15. N 1059;
жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі)
қаулыларымен.
2 2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.15. N 231 қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.
📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.12.2018 № 817;
19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3-1
3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».
📌 Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 07.12.2018 № 817;
жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4 4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.20. N 775 қаулысымен.
5 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 23 қарашадағы
N 1749 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
1 1. "Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 1, 23-құжат).
2 2. "Орал және Қызылорда облыстарының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 наурыздағы N 284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 13-құжат).
3 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегі N 384-ө өкімі .
4 4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 575 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 173-құжат).