Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Колбастау и Талапты Мынбулакского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Колбастау и Талапты Мынбулакского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау және Талапты ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 30.07.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2013 74150_207503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GDG01995
- ЭКБ идентификаторы
- 74150
- Редакция идентификаторы
- 74150_207503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:35
0 Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау және Талапты ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/63 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау және Талапты ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Сарсенбек Сатыбалдиевич Ермекбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
30 шілде 2013 жыл
«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
30 шілде 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
30 шілде 2013 жыл