Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-1318
- Қабылданған күні
- 05.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2016 74176_276490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DJ002425
- ЭКБ идентификаторы
- 74176
- Редакция идентификаторы
- 74176_276490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:33
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, Алматы облысы Іле ауданының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2
2. Іле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 18 сәуірдегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" N 4-2128 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылдың 16 мамырда 2-10-49 нөмірімен енгізілген, 2007 жылдың 28 мамырда "Іле таңы" газетінің 38 нөмірінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Іле ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
05 тамыз 2013 жыл
Құматаев Нурлан Орынбасарұлы
Іле ауданының жұмыспен қамту
орталығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры
05 тамыз 2013 жыл
Жакашев Еркін Абылханұлы