Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями на период проведения выборов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями на период проведения выборов
- Атауы (қаз.)
- Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 438
- Қабылданған күні
- 30.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2015 74181_185786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VI003051
- ЭКБ идентификаторы
- 74181
- Редакция идентификаторы
- 74181_185786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:35
0 Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен
кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Глубокое ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізетін үй-жайлардың тізімі белгіленсін.
3 3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері белгіленген орындарды, үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С.С. Жұмаділовке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Глубокое ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Грохотова
7 Сайлау өткізу кезеңінде Глубокое ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындар тізімі
Глубокое ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 шілдедегі № 438
қаулысына № 1 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде Глубокое ауданы бойынша сайлаушылармен
кездесу өткізу үшін үгіт баспа материалдарын орналастыратын
орындар тізімі
Глубокое кенті – Степная көшесі нөмірі 51 және 53 үйлердің арасында; Ленин көшесі нөмірі 64 үй, «Грета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының аумағында; Берестова көшесі нөмірі 12 үй, нөмірі 5 дүкеннің аумағында; Пирогов көшесі нөмірі 15 үй, «Элегант» базарының аумағында;
Белоусовка кенті - «Аленка» сауда орталығының аумағында; Фабричная көшесі жеке кәсіпкердің «Зарница» асханасының ғимаратының аумағында;
Белокаменка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 12 үйдің аумағында;
Ново-Михайловка ауылы - Л.Г. Бердникованың нөмірі 42 үйдің аумағында;
Планидовка ауылы – Байғалиев дүкені ғимаратының аумағында;
Алтайский кенті – Юбилейная көшесі, «Горняк» мәдениет үйінің алдында;
Верхнеберезовский кенті - Школьная, Стадион аялдамаларында, соңғы аялдама; Больничная көшесі, Отбасылық дәрігерлік амбулатория ғимаратының аумағында; тау кен байыту фабрикасының бас корпусы ғимаратының аумағында; Алейская көшесіндегі бес қабатты үйлердің аумағында;
Предгорное ауылы – Киров көшесі нөмірі 47 үй, байланыс бөлімшесі ғимаратының аумағында; Шоссейная көшесі, жеке кәсіпкер Катасоновтың «Поворот» дүкенінің жанында;
Перевальное ауылы – Садовая көшесі нөмірі 22 үй, жеке кәсіпкер Хуртиннің «Тройка» дүкенінің жанында;
Березовка ауылы – Юбилейная көшесі нөмірі 2 үй, «Алтай-Жардем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының аумағында; Б. Момышұлы көшесі нөмірі 26 а, А.К Омарғалиевтың дүкенінің аумағында;
Красная Заря ауылы - нөмірі 26 үй, Жеке кәсіпкер П.И. Тимофеевтің сауда дүңгіршегінің аумағында;
Веселовка ауылы – Гагарин көшесі нөмірі 44 үй, мектеп ғимаратының аумағында; Гагарин көшесі нөмірі 46 үй, пошта ғимаратының аумағында;
Заречное ауылы - Центральная көшесі «Мария» дүкенінің жанында;
Кожохово ауылы – Молодежная көшесі «Центральный» дүкені ғимаратының аумағында; Школьная көшесі «Чингиз» дүкені ғимаратының аумағында; Ленин көшесі нөмірі 14 үй, «Глухих и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің аумағында;
Прогресс ауылы – Киров көшесі нөмірі 10 үй, Прогресс орта мектебі ғимаратының аумағында; Киров көшесіндегі Мәдениет үйінің ғимаратында; Абай көшесіндегі «Егеубаева» дүкенінің аумағында;
Прапорщиково ауылы - Школьная көшесі нөмірі 26 үй, «ЯНГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық қоймасының ғимараты аумағында;
Уварово ауылы - Ленин көшесі нөмірі 9 үй, ауылдық клуб ғимаратының аумағында;
Черногорка ауылы – Жеке кәсіпкер С.О. Сегізбаевтың дүкені жанында;
226 км темір жол өткелі – Жеке кәсіпкер Б. Табаровтың дүкені ғимаратының аумағында;
Опытное поле ауылы – Нагорная көшесі нөмірі 3 үй, ВК НИИСХ кеңсесінің қасбетінде; Степная көшесі нөмірі 2 үй, Мәдениет үйінің ғимаратының аумағында;
Бобровка ауылы – Профсоюзная көшесі нөмірі 34 үй «Бос уақытты ұйымдастыру орталығы» ғимаратының аумағында;
Солнечный ауылы – Мир көшесі нөмірі 1 үй, бес қабатты тұрғын үй маңында;
Ушанов ауылы - Школьная көшесі нөмірі 1 а үй, мектеп ғимаратының аумағында;
Степное ауылы – Школьная көшесі нөмірі 17 үй, мектеп ғимаратының аумағында;
Каменный карьер ауылы – дүкен жанындағы алаңда;
Секисовка ауылы - Совхозная көшесі нөмірі 6 үй, кітапхана ғимаратының алаңында; Шоссейная көшесі нөмірі 18/1 үй, авто бекетте; Чапаев көшесі нөмірі 52 үй, наубайхана аумағында; Шоссейная көшесі нөмірі 36 үй, ауыл орталығындағы алаңда; Новостроевская көшесі мектеп жанында;
Быструха ауылы – Новостройка және Советская көшелерінің қиылысында, «Хуторянка» дүкенінің аумағында; Ленин көшесі «Нива» дүкенінің аумағында; Юбилейная көшесі «Рассвет» дүкені ғимаратының аумағында;
Малоубинка ауылы – Клиновицкий көшесі нөмірі 1 үй, мектеп ғимаратының аумағында; Клиновицкий көшесі нөмірі 6 үй, ауылдық клуб ғимаратының аумағында; Клиновицкий көшесі нөмірі 50 үй, Жеке кәсіпкер Рахманқұловтың дүкені ғимаратының жанында; Мысовая көшесі «Убинка 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі астық сақтау қоймасы ғимаратының аумағында;
Волчиха ауылы – Жол жөндеу басқармасының ғимараты аумағында;
Карагужиха кенті - мектеп ғимараты аумағында;
Черемшанка ауылы - Лениногорская көшесі нөмірі 74 үй, автобекет ғимараты аумағында; Гагарин көшесі нөмірі 12 үй, Мәдениет үйі ғимараты аумағында; Вокзальная көшесіндегі темір жол бекеті жанында;
Тарханка ауылы – Степная көшесі нөмірі 64 үй, Мәдениет үйі ғимараты жанында;
Винное ауылы – Ворошилов көшесі нөмірі 15 үй, мектеп ғимараты аумағында;
Ново-Ульбинка ауылы – Абай көшесіндегі пошта ғимараты аумағында;
Горная-Ульбинка ауылы – Шоссейная көшесі нөмірі 15 үй, пошта ғимараты аумағында.
Глубокое ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 шілдедегі № 438
қаулысына № 2 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың
сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі
Бобровка ауылдық округі:
Бобровка ауылы – бос уақытты ұйымдастыру орталығы, сейсенбі күндері сағат 14-тен 16-ға дейін;
Солнечное ауылы – контор, акт залы, сейсенбі күндері, сағат 10-нан 12-ге дейін;
Веселовка ауылдық округі:
Веселовка ауылы – мәденет үйі, сәрсенбі күндері, сағат 10-нан 12-ге дейін;
Алтайский кенті:
Алтайский кенті – «Горняк» мәдениет үйі, дүйсенбі күндері сағат 11-ден 12-ге дейін;
Белоусовка кенті:
Белоусовка кенті – Белоусовка бастауыш мектебі – бала бақша, бейсенбі күндері, сағат 10-нан 12-ге дейін;
Верхнеберезовский кенті:
Верхнеберезовский кенті – кәсіптік лицей, сәрсенбі күндері, сағат 9-дан 11-ге дейін;
Глубокое кенті:
Глубокое кенті – балалар шығармашылығы үйі, мәжіліс залы, сәрсенбі күндері сағат 14-тен 16-ға дейін;
Калинин ауылдық округі:
Березовка ауылы – орта мектеп, дүйсенбі күндері, сағат 15-тен 16-ға дейін;
Краснояр ауылдық округі:
Перевальное ауылы – орта мектеп, дүйсенбі күндері сағат 11-ден 13-ке дейін;
Киров ауылдық округі:
Уварово ауылы – мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 9-дан 11-ге дейін;
Прапорщиково ауылы – мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 10-нан 12-ге дейін;
Кожохово ауылдық округі:
Кожохово ауылы – мәдениет үйі, сәрсенбі күндері, сағат 10-нан 11-ге дейін;
Прогресс ауылы – мәдениет үйі, сәрсенбі күндері, сағат 16-дан 17-ге дейін;
Куйбышев ауылдық округі:
Быструха ауылы – мәдениет үйі, сәрсенбі күндері, сағат 14-тен 16-ға дейін;
Малоубинка ауылдық округі:
Малоубинка ауылы – мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 15-тен 17-ге дейін;
Опытное поле ауылдық округі:
Опытное поле ауылы – мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 11-ден 13-ке дейін;
Секисовка ауылдық округі:
Секисовка ауылы – мәдениет үйі, бейсенбі күндері, сағат 11-ден 13-ке дейін;
Ушанов ауылдық округі:
Ушаново ауылы – орта мектеп, жұма күндері, сағат 14-тен 16-ға дейін;
Фрунзе ауылдық округі:
Тарханка ауылы – мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 15-тен 17-ге дейін;
Черемшанка ауылдық округі:
Черемшанка ауылы – мәдениет үйі, дәліз, бейсенбі күндері, сағат 13-тен 15-ке дейін.