Құжат мәтініне өту

Об определении сроков полномочий Администрации специальной экономической зоны "Бурабай"

Бұйрық · № 236 · қабылданған 02.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74248/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении сроков полномочий Администрации специальной экономической зоны "Бурабай" Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 ·02.08.2013
28.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков полномочий Администрации специальной экономической зоны "Бурабай"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков полномочий Администрации специальной экономической зоны "Бурабай"
Атауы (қаз.)
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
02.08.2013
Көрсетілген редакция
28.05.2015 AI74248_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008652
ЭКБ идентификаторы
74248
Редакция идентификаторы
AI74248_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:34

0 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы

2011 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі басқарушы компания функцияларын 2014 жылғы 1 шілдеге дейін орындасын.

2

2. «Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 444 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 8227 тіркелген, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 26 қаңтарда № 54 (27993) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитеті (Хаиров Е.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы