Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения вреда физическим и юридическим лицам, причиненного при пресечении акта терроризма правомерными действиями должностных лиц государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму

Қаулы · № 914 · қабылданған 03.09.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74252/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения вреда физическим и юридическим лицам, причиненного при пресечении акта терроризма правомерными действиями должностных лиц государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму Қолданыста Қаулы ·№ 914 ·03.09.2013
16.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения вреда физическим и юридическим лицам, причиненного при пресечении акта терроризма правомерными действиями должностных лиц государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму

Қолданыста Қаулы ·№ 914 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения вреда физическим и юридическим лицам, причиненного при пресечении акта терроризма правомерными действиями должностных лиц государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму
Атауы (қаз.)
Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
914
Қабылданған күні
03.09.2013
Көрсетілген редакция
16.06.2025 74252_770027.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000914
ЭКБ идентификаторы
74252
Редакция идентификаторы
74252_770027
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:21

0 Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 914 қаулысымен
бекітілген
Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары

1

1. Осы Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібін айқындайды.

2

2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген мүліктік емес зиянды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві қаражатының есебінен кейіннен зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-946-баптарына сәйкес сот тәртібімен жүргізіледі.

3

3. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі мүліктің құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

4

4. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының терроризм актісінің жолын кесу кезіндегі құқыққа сыйымды әрекеттерімен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіздеме болып табылады.

5 5. Мүліктік зиянды мүлік иесіне терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық органы тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен ақшалай қаражат төлеу арқылы өтейді.

Көрсетілген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мүліктік зиян Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен өтеледі.

6 6. Меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттық құқық, осы мүліктің құрамы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен, сондай-ақ мүлік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.

7 7. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүлік иесінің және бағалаушының қатысуымен уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы жүзеге асырады.

Мүлік құнын өтеу мөлшері зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандауының мөлшері ескеріле отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде не терроризм актісі нәтижесінде жойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің ескіруін ескергенде мүлік құнын өтеу кезінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша белгіленеді.
Зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстар оны қалпына келтіру шығындарының сметасы немесе калькуляциясы бойынша расталады.
Мүлік иесінің мүлікті бағалауды жүргізуге, зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына қосылады.

8

8. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін мүлік иесі терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінішті ұсынады.
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініште: жоғалған немесе бүлінген мүлік, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалған шығыстар және (немесе) оның бүлінуі салдарынан мүлікті арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны көрсетіледі.
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке қоса мүлік иесі уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына:

1 1) жеке тұлғалар үшін – мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін;

2

2) терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және теңіздегі жедел штабтардың басшысы (мүліктің зақымдалғанын немесе жоғалғанын көрсете отырып) берген мүліктің терроризм актісінің жолын кесу кезінде зақымдалу фактісін растайтын анықтаманы;

3 3) меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттық құқықты, оның құрамын, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығыстарды, бүлінуінің салдарынан мүлікті арзандату мөлшерін, жоғалған мүліктің құнын (бар болған кезде) растайтын құжаттарды ұсынады.

9 9. Мүлік иесі уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен жеке өзі жүгіне алмаған жағдайда, оның жақын туысқандары, сондай-ақ он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған жағдайда заңды өкілдері сенімхат негізінде жүгіне алады.

10 10. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды.

Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабар береді.
Егер өтініш беруші жетіспейтін құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қаралмай иесіне қайтарылады. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырмайды.

11 11. Өтінішті тіркеу мүліктің меншік иесіне өтінішті қабылдау туралы растау қағазын бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген мүліктік зиянды және төленген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

12

12. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын айқындау немесе мүлік қалпына келтірілмейтін болса, оның нарықтық құнын айқындау үшін мүлік иесі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес таңдаған бағалаушыны тарту арқылы залалдың мөлшерін айқындау рәсімін ұйымдастырады.
Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына жүктеледі.

13 13. Мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын немесе оның құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) мүлік иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;

2 2) мүлік иесімен келісу бойынша бағалау жүргізілетін уақыт пен жерді айқындау;

3 3) зақым келген мүлікке бағалау жүргізу;

4 4) мүлік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.

14 14. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу кезінде залал келтірілген күнге дейін орын алған мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып, оны қалпына келтіру құны залал келтірілген күнгі қолданыстағы нарықтық бағалардың негізінде есептеледі.

15 15. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері залал келтірілген күнгі нарықтық құны негізге алынып белгіленеді.

Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізделмесе, ол жойылған болып саналады. Егер мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар мүлікке залал келтірілген күнгі нарықтық баға құнының сексен пайызынан асып кетсе, мүлікті қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан негізсіз болып саналады.

16 16. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады.

Мүлік иесінің бағалаушы көрсететін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.

17 17. Мүлік құнын өтеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

18 18. Бағалаушы бағалау туралы есепті жасағаннан кейін уәкілетті орган өтініш пен тиісті құжаттар негізінде ақшалай қаражатты банктік үш күн ішінде мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

19 19. Залал өтелгеннен кейін келтірілген мүліктік зиянды және төленген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында залалдың өтелген күнін, мөлшері мен төлем құжаттарының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жазылады.

20 20. Жоғалған немесе зақымдалған мүлік иесі мен уәкілетті орган арасындағы оның құнын өтеуге қатысты дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

21 21. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

1 Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш

Терроризмге қарсы іс-қимылды
жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың лауазымды
адамдарының құқыққа сыйымды
әрекеттерімен терроризм актісінің
жолын кесу кезінде жеке және
заңды тұлғаларға келтірілген
зиянды өтеу қағидаларына
1-қосымша
Өтініш нысаны
_______________________________________ бастығы
(терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның немесе оның аумақтық органының атауы)
_______________________________________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)
________________________________________ тұратын немесе орналасқан
(өтініш берушінің Т.А.Ә. деректемелері (бар болса)
_________________________________________
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш
Сізден терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында
_______________________________________________________________________________
(болған уақыты, жері, оның сипаты)
байланысты_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдалуы
салдарынан оны арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны) қоса есептей отырып, келтірілген
материалдық залалды өтеуді сұраймын.
Материалдық залалды мына мекенжай бойынша өтеуді сұраймын:
_______________________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, тұратын, орналасқан жерінің мекенжайы)
Банктің атауы ____________________________________________________________
Банктің БСК, ЖСК ______________________________________
_________________________атына ағымдағы немесе жинақ шоты _______________
(Т.А.Ә. (бар болса), деректемелері)
Алушының ЖСН ______________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. __________________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________________
_______ «__» __________ Өтініш беруші _____________________
(жылы, күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат ____________________________________________ өтініші № _________болып тіркелді. Өтініш
қабылданған күн ____________________
Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы __________________
_______ «__» _________ Өтініш беруші ____________________
(жылы,күні, айы,) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
___________________

2 Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы

Терроризмге қарсы іс-қимылды
жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың лауазымды
адамдарының құқыққа сыйымды
әрекеттерімен терроризм актісінің
жолын кесу кезінде жеке және
заңды тұлғаларға келтірілген
зиянды өтеу қағидаларына
2-қосымша
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы
Р/с

Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә. (бар бол­са) неме­се де­ректе­ме­ле­рі
Түс­кен кү­ні, кі­ріс №
Тұ­ра­тын, ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
Ма­те­ри­ал­дық за­лал­ды өтеу се­беп­те­рі (оқи­ға ор­ны­ның қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, уа­қы­ты)
Кел­ті­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дық за­лал­дың мөл­ше­рі
Тө­лен­ген ақ­ша­лай қа­ра­жат бой­ын­ша тө­лем құ­жа­ты­ның № және кү­ні (тір­ке­у­ші­нің қо­лы)
1
2
3
4
5
6
7
___________________

Қолданыстағы