Об утверждении формы справки о прохождении аттестации для лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы справки о прохождении аттестации для лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 572
- Қабылданған күні
- 26.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2015 AI74321_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008643
- ЭКБ идентификаторы
- 74321
- Редакция идентификаторы
- AI74321_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:36
0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысаны бекітілсін.
2 2. Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны МОИП орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы №___ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 572 бұйрығына
қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы №___ АНЫҚТАМА
____________________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә.)
Туған күні _________________________________________________________
Білімі______________________________________________________________
Диплом (дипломдау кезінде берілген) №_______________________________
(кім және қашан берген)
____________________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Аттестаттау хаттамасының №____ және күні ___________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі ______________________________________
Осы анықтаманы Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді
____________________________________________________________________
Көліктік бақылау комитеті __________________ _______________________
аумақтық органының басшысы (қолы) Т.А.Ә.
М.О.
20__ жылғы «____» _______________
(күні) (айы)