Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания отдельных типов казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду

Бұйрық · № 342 · қабылданған 29.07.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74323/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания отдельных типов казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду Қолданыста Бұйрық ·№ 342 ·29.07.2013
03.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания отдельных типов казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду

Қолданыста Бұйрық ·№ 342 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания отдельных типов казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду
Атауы (қаз.)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
342
Қабылданған күні
29.07.2013
Көрсетілген редакция
03.04.2024 74323_696483.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008659
ЭКБ идентификаторы
74323
Редакция идентификаторы
74323_696483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:36

0 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2013 жылғы 29 шілдедегі
№ 342 бұйрығымен бекітілген
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және тиісті кемежайларда, айлақтарда, орналасу пункттерінде және тоқтап тұратын тұрақты орнында тіркеуге алынбаған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жеке типтерін күтіп ұстау тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1

1) шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері – тіркеу құжаттары бар және жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу орындарында күтіп ұсталатын немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың болатын орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) мен мұз үстімен жылжитын құралдар;

2 2) иелік етуші тұлға – шағын көлемді кемелердің жекелеген типтеріне меншік құқығы тіркелген құжаттармен расталатын жеке тұлға немесе заңды тұлға.

2 2-тарау. Шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау тәртібі

3 3. Кемелердің жекелеген типтері жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу орындарында немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың орналасқан орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ жерлерде күтіп ұсталады.

Көрсетілген шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері аумақтық сулар (теңіз) мен ішкі суларға әрбір шығуларының алдында белгіленген орындарынан құрлық бойынша жағалауға иелік етуші тұлғамен жеткізіледі (көлікпен жеткізіледі).

4 4. Иелердің келесі шарттарды сақтау кезінде осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген күтіп ұстау тәртібіне жол беріледі:

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында тұрақты тұратын орындары жоқ және сол кемежайға, айлаққа, орналасу пункттеріне және тоқтап тұратын тұрақты орнына тіркелусіз Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі) аумақтық суларда (теңізде) оларды пайдалану жоспарындағы жауапты учаскеде шағын көлемді кемелердің жеке типтерін есепке алуға;
иесінің тіркеу құжатында арнайы мөр таңба қойылғанда.

5

5. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою иесінің жұмыс орны, тіркеу немесе тұрақты тұратын (тұрақты болу) жері, жеке тұлғаның туған жылы, әкесінің аты (ол болған жағдайда), аты, тегі көрсетілген иесінің жазбаша өтінішінің сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген құжаттың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемдіөздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін тіркеу журналына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құжаттарды ұсынатын тұлғаға белгіленген үлгіде ресімделген сенімхатты және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлікті қосымша ұсынады.

6 6. Осы Қағидалар 5-тармағының талаптарын бұзу арқылы құжаттарды ұсынған жағдайда, иесіне шағын көлемді кеменің жекелеген типін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне тіркеуге қоюдан бас тартады.

7

7. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою, иесінің орналасқан орны немесе өтініш қабылдаған күнгі тіркелу орнының (тұрақты өмір сүретін жерінің) мекенжайымен құжаттың тиісті бетінің оң жақ астыңғы бұрышына Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің анықтама үшін мөртабан қоюмен бекітіледі.

8 8. Осы Қағидада қарастырылған шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау мерзімі тіркелген құжаттың әрекет ету мерзімімен анықталады.

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін есепке алу журналы

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен
жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті
және суасты) кемелердің (құралдардың)
және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін күтіп ұстау
Қағидаларына
1-қосымша
Нұсқа
№___ дана
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметі аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін есепке алу журналы
Басталды: «___» _________ 20___ ж.
Аяқталды: «___» _________ 20___ ж.
Рет

Өті­ніш­ті ал­ған кү­ні
Ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Тұр­ғы­лық­ты же­рі / тұ­рақ­ты бо­ла­тын ор­ны
Жү­зу ауда­ны, қол­да­на­тын ке­ме­жай­лар, ай­лақ­тар, ор­на­ла­су пункт­те­рі
Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер ту­ра­лы мә­лі­мет
Ие­сі­нің те­ле­фо­ны, элек­трон­дық ад­ре­сі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8

2 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен

жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті
және суасты) кемелердің (құралдардың)
және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін күтіп ұстау
Қағидаларына
2-қосымша

Қолданыстағы