Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности

Қаулы · № 65 · қабылданған 25.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74326/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности Күшін жойған Қаулы ·№ 65 ·25.02.2013
22.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности

Күшін жойған Қаулы ·№ 65 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности
Атауы (қаз.)
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
25.02.2013
Көрсетілген редакция
22.12.2017 74326_300836.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008670
ЭКБ идентификаторы
74326
Редакция идентификаторы
74326_300836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:38

0 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2

2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2013 жылғы 29 шілде

0 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 65 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.

2 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі;

2 2) баланстық құн – қаржы активі ол бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін баланста танылатын сома;

3 3) біртекті активтер – кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бар активтер тобы;

4 4) жеке активтер – провизиялар (резервтер) осындай әрбір актив бойынша есептелетін активтер;

5 5) қаржы ұйымдары – банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

6 6) провизиялар (резервтер) – қаржы активінің құнсыздануынан болған зиянның немесе шартты міндеттемені орындаудан болған зиянның сомасы;

7 7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

2 2. Провизиялар (резервтер) құру тәртібі

3

3. Провизиялар (резервтер) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, № 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 39 ХҚЕС) сәйкес, сондай-ақ шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) құрылған жағдайда – № 37 «Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 37 ХҚЕС) сәйкес құрылады.

4 4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар уәкілетті органның ескертулері жоқ Әдістеме негізінде Қағидаларға сәйкес айқындалады.

5 5. Қаржы активтері бойынша провизиялар (резервтер) мынадай тәртіппен құрылады:

1 1) активтер біртекті және жеке етіп жіктеледі;

2 2) жеке активтердің құнсыздануын бағалау жүргізіледі;

3 3) Әдістемеде белгіленген құнсыздану белгілері анықталған жеке активтер бойынша:

болашақ ақша ағындарының болжамдары айқындалады. Актив бойынша қамтамасыз ету болған кезде осындай қамтамасыз етудің құны болашақ ақша ағындарының болжамын ұлғайтады;
болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны мынадай формула бойынша есептеледі:
, мұнда
PV – болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;
CF – болашақ ақша ағындарының болжамы;
r – пайыздың тиімді мөлшерлемесі;
t – актив бойынша ақша ағындары болжанатын жылдар саны;
провизиялардың (резервтердің) мөлшері активтің провизияларды (резервтерді) есептеу жүзеге асырылатын күннің басында қалыптасқан баланстық құны мен болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде айқындалады;
пайыздың тиімді мөлшерлемесі ауыстыру әдістемесін немесе «КІМ» (кірістіліктің ішкі мөлшерлемесі) Microsoft Office Excel автоматтандырылған функциясын немесе басқа да осындай автоматтандырылған функцияларды қолдану арқылы есептеледі;

4 4) Әдістемеге сәйкес құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер бойынша және біртекті активтер бойынша:

кредиттік тәуекелдің Әдістемеде белгіленген ұқсас сипаттамалары бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Біртекті активтерді жіктеу кезінде активтер бірдей клиенттің талаптары бойынша туындаған жағдай кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары ретінде қабылданбайды;
провизиялар (резервтер) Әдістемеде белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.

6 6. Шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) әрбір шартты міндеттеме бойынша мынадай тәртіппен құрылады:

1 1) № 37 ХҚЕС-ке сәйкес шартты міндеттеменің орындалу ықтималдылығы айқындалады;

2 2) № 37 ХҚЕС-ке сәйкес қазіргі міндеттемені реттеу үшін болжанған шығындар есептеледі;

3 3) № 39 ХҚЕС-ке сәйкес шартты міндеттеменің әділ құны есептеледі;

4 4) провизиялардың (резервтердің) мөлшері болжанған шығындардың

№ 37 ХҚЕС-ке сәйкес есептелген сомасының және № 39 ХҚЕС-ке сәйкес есептелген әділ құн мөлшерінің ең үлкені ретінде айқындалады.

7 7. Жеке активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген салық кезеңінің соңына жылына кемінде бір рет айқындау нәтижелері бойынша мынадай тіркелімдер толтырылады:

провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері бойынша ақпарат – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 1-нысан бойынша;
болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 2-нысан бойынша;
құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған жеке актив бойынша деректер – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 3-нысан бойынша.
Салық кезеңінің ішінде тіркелімдер электрондық түрде толытырылады және сақталады және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынылады.

8 8. Провизиялар (резервтер) құрудың кезеңділігі Әдістемемен белгіленеді, бірақ кезеңнің аяғында бірден кем емес және күніне 1-ден жиі емес.

9 9. Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері қаржы ұйымының бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.

10 10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11 11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12 12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі

13 13. Қаржы ұйымы Әдістемені Қағидаларға сәйкес әзірлейді.

Қаржы ұйымының атқарушы органы Әдістемені, сондай-ақ Әдістемеге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді.
Банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін алған қаржы ұйымдары банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Әдістемені әзірлейді және бекітеді.

14 14. Әдістемеге мыналар кіреді:

1 1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, олардың функционалдық міндеттері сипаттала отырып;

2 2) қаржы активінің құнсыздану белгілерінің тізбесі;

3 3) қаржы активтерін меншікті капиталдың пайыздарымен немесе абсолютті мөлшерде белгіленген қаржы активінің ең жоғары мөлшеріне қарай жеке активтерге жатқызу критерийлері;

4

4) кредиттік тәуекелдің құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерді және біртекті активтерді топтастыру жүзеге асырылатын (мысалы, кредиттік тәуекелді бағалау немесе қарыз алушының географиялық орналасқан жері, кепілдің түрі, мерзімінің өту мерзімі және басқа факторлар ескерілетін жіктеу негізінде) ұқсас сипаттамалары;

5 5) жеке активтерге қатысты – құнсыздану құны ескеріле отырып болашақ ақша ағындарының болжамдарын айқындау тәртібі;

6 6) құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерге және біртекті активтерге қатысты – провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау тәртібі;

7 7) шартты міндеттемелерге қатысты – Қағидалардың 6-тармағын қолдану тәртібі;

8 8) провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу кезеңділігі.

15 15. Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

1 1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық міндеттері сипатталған, бекітілген Әдістемеде көрсетілген тізбесін өзгерту;

2 2) бекітілген Әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі;

3 3) Әдістеменің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың (резервтердің) шығындардың нақты сомаларына сәйкес келуі үшін жүргізілген тестінің нәтижелері.

16

16. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Әдістеме, Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Бекітілген Әдістемені қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекітілген Әдістеменің көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.
Әдістемеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ банк қызметі мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті органның ескертулері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген уәкілетті органның хабарламаларында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылады.
Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме уәкілетті органның ескертулері жойылғанға дейін, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.

17 17. Уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің, оған өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ уәкілетті органның ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.

18 18. Салықтық тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.

1 Провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі ақпарат

Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік
туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер)
құру қағидаларына
1-қосымша
Провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі ақпарат
1-нысан

Көр­сет­кіш­тер
Ақ­па­рат
1
Есеп­ті күн
2
Шар­ттың нө­мі­рі және кү­ні
3
Қар­сы агент­тің ата­уы
4
Шар­ттың қол­да­ны­луы ба­стал­ған күн
5
Шар­ттың қол­да­ны­лу мер­зі­мі аяқ­тал­ған күн
6
Шарт ва­лю­та­сы
7
Қар­жы ак­ти­ві­нің Шар­тта көр­се­ті­л­ген со­ма­сы
а) ше­тел ва­лю­та­сы­мен (егер шарт ұлт­тық ва­лю­та­да бол­ма­са)
б) тең­ге­мен (егер шарт ұлт­тық ва­лю­та­да бол­ма­са, со­ма­сы шарт жа­сал­ған күн­гі ба­ғам бой­ын­ша көр­се­ті­ле­ді)
__________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы
_________________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы,
аты-жөні, қолы
2-нысан
Болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі

Ақ­ша ағын­да­ры ке­ліп тү­се­тін бо­лжам­ды күн
Шарт ва­лю­та­сын­да­ғы негіз­гі бо­ры­шты өтеу
Шарт ва­лю­та­сын­да­ғы кі­рі­стер­дің %-ын өтеу
Жиын­тығы, шарт ва­лю­та­сы­мен
Қам­та­ма­сыз ету­ді өт­кі­зу­ден алы­на­тын бо­лжам­дық құн
Кел­ті­рі­л­ген құн
1
2
3
4
5
6
7
1
2

tn
__________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы
__________________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы,
аты-жөні, қолы
3-нысан
Құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған жеке актив бойынша деректер
Р/с

Кү­ні
Ба­лан­стық құ­ны
Қам­та­ма­сыз ету­ді өт­кі­зу­мен бай­ла­ны­сты емес бо­ла­шақ ақ­ша ағын­да­ры (тө­лем­де­рі)
Тү­зе­ту ес­ке­рі­ле оты­рып ес­ке­ріп, Ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету­ді есеп­теу әді­сте­ме­сіне сәй­кес ай­қын­дал­ған ке­піл­дің және бас­қа қам­та­ма­сыз ету­дің құ­ны
Қам­та­ма­сыз ету­ді өт­кі­зу­дің бо­лжам­ды мер­зі­мі
Пай­ы­здың ти­ім­ді мөл­шер­ле­ме­сі
Бо­ла­шақ ақ­ша ағын­да­ры­ның (тө­лем­де­рі­нің) дис­конт­тал­ған құ­ны
Қа­лып­та­сты­ру (та­ра­ту) үшін қа­жет­ті про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) мөл­ше­рі
Шар­ттың та­лап­та­рын­да­ғы өзге­рі­стер жө­нін­де­гі ақ­па­рат
Негіз­гі бо­ры­штың қал­ды­ғы
% есеп­тел­ген бе­ре­шек­тің қал­ды­ғы
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) мөл­ше­рі
Бас­қа да % кі­ріс
Ж и ы н ­ т ы ғ ы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1
Құн­сызда­ну­ға бай­ла­ны­сты про­ви­зи­я­ны (ре­зерв­ті) ба­стап­қы құ­ру кү­ні (t0)
2
Про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер) мөл­ше­рін қай­та қа­рау кү­ні (t1)
3
Про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) мөл­ше­рін қай­та қа­рау кү­ні (t2)

………
n
Про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) мөл­ше­рін қай­та қа­рау кү­ні (tn)
__________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы
__________________________________________________________________
ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы, аты-жөні, қолы
______________________________
* Сыйлықақының/дисконттың амортизацияланбаған бөлігі көрсетіледі

2 Қаржы ұйымы қалыптастырған провизиялардың (резервтердің) сомаларына ескертулердің бар немесе жоқ екені туралы хабарлама

Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік
туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер)
құру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қаржы ұйымы қалыптастырған провизиялардың (резервтердің) сомаларына ескертулердің бар немесе жоқ екені туралы хабарлама
20__жылғы «___» ________ № ________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті ___ жылғы ________ №_______
тексеру жүргізуге арналған тапсырмаға сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
қызметін тексеру нәтижелері бойынша төмендегіні хабарлайды:
ескертулердің жоқ екені туралы
келтірілген кестеге сәйкес ескертулердің бар екені туралы
Р/с

Шар­ттың №
Тең­ге­де­гі про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) со­ма­сы (бух­гал­тер­лік есеп де­ректе­ріне сәй­кес)
Ко­ми­тет­тің есеп­те­ріне сәй­кес про­ви­зи­я­лар­дың (ре­зерв­тер­дің) со­ма­сы
Тү­зе­ту мер­зі­мі
1.
2.

Комитеттің басшысы ____________________________________________
(аты-жөні, қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(аты-жөні, қолы, телефоны)
Қорытындыны алды ______________________________________________
(ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге жіберілді
_____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

3 Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат

Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат

Әді­сте­ме­нің тар­ма­ғы, тар­мақ­ша­сы
Өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гіз­ген­ге дей­ін­гі ре­дак­ция
Өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гіз­ген­нен кей­ін­гі ре­дак­ция
Өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу қа­жет­ті­лі­гі­нің негіз­де­ме­сі (тү­сін­дір­ме­сі)*
Ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар нәти­же­сін­де про­ви­зи­я­лар (ре­зерв­тер) мөл­ше­рі­нің өзге­ру­ін есеп­тік ба­ға­лау
1
2
3
4
5
6
1
2

n
_____________________________________________________________________
қаржылық ұйым басшысының не оның орнындағы адамның лауазымы, аты-жөні, қолы
________________________
*Өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілетін түзетулері
нәтижесінде провизиялар мөлшерінің өзгеруін есептік бағалаумен
бекітілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу
қажеттілігінің негіздері беріледі

4 Әдістемеге ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама

Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Әдістемеге ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама
____ жылғы «___» ________ № ____
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ______________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
келтірілген кестеге сәйкес Әдістемеге өзгерістердің болмауы туралы
Әдістемеге ескертулердің болуы туралы хабарлайды.
Р/с

Жо­ба­ның құ­ры­лым­дық эле­мен­ті
Жо­ба­ның ре­дак­ци­я­сы
Ес­кер­ту
Тү­зе­ту мер­зі­мі
1.
2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
басшысы немесе басшысының орынбасары ________________________________
(аты-жөні, қолы)
Орындаушы _______________________________________
(аты-жөні, қолы, телефоны)
Хабарламаны алды ____________________________________________________
(ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге жіберілді
_____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

Қолданыстағы