Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Егиндыкольского района

Қаулы · № А-8/174 · қабылданған 12.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74350/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Егиндыкольского района Күшін жойған 17.02.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Егиндыкольского района

Күшін жойған Қаулы № А-8/174 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Егиндыкольского района
Атауы (қаз.)
Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-8/174
Қабылданған күні
12.08.2013
Көрсетілген редакция
17.02.2016 74350_60411.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BH003799
ЭКБ идентификаторы
74350
Редакция идентификаторы
74350_60411
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:

1) он екі айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;

2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;

4) маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.

2. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қосымша нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.