О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн біржолғы әлеуметтiк көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-5
- Қабылданған күні
- 05.09.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2019 74583_405897.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GD002020
- ЭКБ идентификаторы
- 74583
- Редакция идентификаторы
- 74583_405897
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:20
0 Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн біржолғы әлеуметтiк көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Жуалы аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебiнен төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
2
2. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жуалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-16 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-4-98 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 8 аудандық «Жаңа-өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.