Об изменении границ (черты) поселков Белкуль и Тасбугет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ (черты) поселков Белкуль и Тасбугет
- Атауы (қаз.)
- Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 764
- Қабылданған күні
- 28.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2013 AI74584_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LA004519
- ЭКБ идентификаторы
- 74584
- Редакция идентификаторы
- AI74584_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:22
0 Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту жөніндегі 2013 жылғы 20 тамыздағы азаматтар конференциясының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылорда қаласына солтүстік-шығыс жағынан іргелес ауданы 2000 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Белкөл кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
2 2. Қызылорда қаласына оңтүстік жағынан іргелес ауданы 783 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
3
3. "Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы" Қызылорда қаласы мәслихатының 2012 жылғы 08 қарашадағы N 10/2 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 08 қарашадағы N 4841 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 4352 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 50; "Ел тілегі" 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 49 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс XХІ сессиясының төрағасы Ә. Медетбаев
Қызылорда қалалық
мәслихаттың хатшысы И. Құттықожаев