Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещения для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты вместо выбывшего на территории Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещения для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты вместо выбывшего на территории Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар және шығып қалған депутаттардың орнына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізуге рналған үй-жайды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 474
- Қабылданған күні
- 20.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2014 74603_161366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SK002373
- ЭКБ идентификаторы
- 74603
- Редакция идентификаторы
- 74603_161366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:16
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар және шығып қалған депутаттардың орнына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізуге рналған үй-жайды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттардың орнына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттардың орнына барлық кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында 2-қосымшаға сәйкес келісім негізінде үй-жай берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімі аппаратының басшысы Бейсембаев Уақыт Бегайдарұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тайынша аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы
Ю.И. Солунина
2013 жылғы 20 қыркүйек
5 Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 474 қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттардың орнына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
р/с№
Елдімекеннің атауы
Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған орындар
Алабота селолық округі
1
Ақ құдық ауылы
«Племзавод Алабота» ЖШС кеңсесінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
2
Золоторунное ауылы
Бастауыш мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
3
Целинное ауылы
Бастауыш мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Амандық селолық округі
4
Амандық ауылы
Орта мектеп ғимаратының, «Дәстүр» дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
5
Ильичевка ауылы
Орта мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
6
Аймақ ауылы
Орталау мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Тихоокеан селолық округі
7
Тихоокеанское ауылы
Селолық мәдениет үйі ғимаратының, орта мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
8
Шункырколь ауылы
Орта мектеп, медициналық пункт ғимараттарының жанындағы ақпараттық стенд
9
Алабота ауылы
Орталау мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Чкалов селолық округі
10
Новоберезовка ауылы
Бастауыш мектеп ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Яснополян селолық округі
11
Новодворовка ауылы
«Ландман» АШК кеңсесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд (келісім юойынша)
6 Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 474 қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттардың орнына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізуге арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында үй-жай
р/с №
Елді мекеннің атауы
Кездесулер өткізетін орындар
Алабота селолық округі
1
Ақ құдық ауылы
Ақ құдық орта мектебінің мәжіліс залы