Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления и уплаты платы, а также ставок за размещение наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования

Қаулы · № 1055 · қабылданған 04.10.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74613/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления и уплаты платы, а также ставок за размещение наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Қолданыста Қаулы ·№ 1055 ·04.10.2013
19.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления и уплаты платы, а также ставок за размещение наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования

Қолданыста Қаулы ·№ 1055 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления и уплаты платы, а также ставок за размещение наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования
Атауы (қаз.)
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнала
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1055
Қабылданған күні
04.10.2013
Көрсетілген редакция
19.04.2019 74613_425391.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001055
ЭКБ идентификаторы
74613
Редакция идентификаторы
74613_425391
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:09

0

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерлемелерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары;

2

2) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібін (бұдан әрі – төлемақы) белгілейді.

2 2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртіб

і

3 3. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

1 1) хабарламада көрсетілген;

2 2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

4 4. Төлемақыны төлеу сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ал сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламасы немесе мәліметі орналасқан кезде жүргізіледі.

5

5. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастыру орны бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алынады.

6 6. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

Төленген төлемақы сомалары қайтаруға жатпайды.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.

7 7. Тиісті хабарлама болмаған жағдайда жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлемақы сомасын өндіру және есепке салу үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыруы негіз болып табылады.

Бұл ретте төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактісі анықталған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарламасыз Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған мөлшерлемелер бойынша бір күнтізбелік ай ішінде төлемақы төлейді.

8

8. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төленеді.

18 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

1 1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне қарай айқындалады.

2

2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың сыртында ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданына қарай белгіленеді:
Р/с

Сыртқы (көрнекі) жарнаманың түрлері
Аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерлерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір тарапы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ге дейінгі сыртқы (көрнекі) жарнама
0,5
2.
Лайтбокстар (сити-форматтағы)
1
3.
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай болатын сыртқы (көрнекі) жарнама:
3.1.
2-ден 5 ш.м-ге дейін
1
3.2.
5-тен 10 ш.м-ге дейін
2
3.3.
10-нан 20 ш.м-ге дейін
3
3.4.
20-дан 30 ш.м-ге дейін
5
3.5.
30-дан 50 ш.м-ге дейін
7
3.6.
50-ден 70 ш.м-ге дейін
12
3.7.
70 ш.м-ден жоғары
25
4.
Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):
4.1.
30 ш.м-ге дейін
6
4.2.
30 ш.м-ден жоғары
8
5.
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама:
5.1.
5 ш.м-ге дейін
0
5.2.
5-тен 10 ш.м-ге дейін
0
5.3.
10 ш.м-ден жоғары
1
6.
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама:
6.1.
2 ш.м-ге дейін
0
6.2.
2-ден 5 ш.м-ге дейін
0
6.3.
5-тен 10 ш.м-ге дейін
1
6.4.
10 ш.м-ден жоғары
2
7.
Жылжымалы жайма жарнама
1
8.
Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:
8.1.
20 ш.м-ге дейін
3
8.2.
20 ш.м-ден жоғары
8
9.
Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама
1

Қолданыстағы