Об утверждении Методики по проведению мониторинга за использованием бюджетных средств, выделенных на решение вопросов местного значения, и доходных источников местного самоуправления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики по проведению мониторинга за использованием бюджетных средств, выделенных на решение вопросов местного значения, и доходных источников местного самоуправления
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 26.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 74635_445340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008762
- ЭКБ идентификаторы
- 74635
- Редакция идентификаторы
- 74635_445340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:26
0 Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет рәсімдері әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 405 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2 2. Мониторинг жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпаратты жинақтау, жүйелендіру, талдау және қорытындылау мақсатында жүргізіледі.
3
3. Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет (жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары) жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
4
4. Осы Әдістемені әзірлеу мақсаты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы мониторинг рәсімдерін жүйелендіру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын іске асыруға аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері жіберген ақшаның түсімдері мен шығыстарын қадағалау болып табылады.
2 2. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау
5
5. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жүргізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) есепті жылдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есеп жасайды.
6 6. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті жергілікті қауымдастық комиссиясының мүшелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
3 3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуына талдау
7 7. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес түскен түсімдерден қалыптастырылады.
8
8. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуына талдауды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері жіберетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспары (бұдан әрі – Ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары) негізінде жүргізеді.
9 9. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімінің аппараты осы Әдістеменің қосымшасында көрсетілген нысанаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану нәтижелері туралы есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде жасайды.
10 10. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану нәтижелері туралы есепті жергілікті қоғамдастықтың комиссиясы мүшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде жасайды.
4 4. Мониторинг туралы есепті жасау және ұсыну
11
11. Жергілікті қоғамдастықтың комиссия мүшелері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімінің аппараты ұсынған жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға талдау жүргізу нәтижелерін қарайды және олардың негізінде жартыжылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін мониторинг нәтижелері туралы есепті жасайды.
12 12. Мониторинг туралы есеп бюджет қаражатын пайдалану туралы талдамалы ақпаратты қамтиды жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы талдамалы ақпаратты (бұдан әрі – Талдамалы ақпарат) қамтиды.
13 13. Талдамалы ақпарат мынаны қамтиды:
1 1) орындалмау себептерін негіздей отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға жоспарлы және іс жүзіндегі шығыстар;
2 2) бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат;
3 3) орындалмау себептерін негіздей отырып, Ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары бойынша ақшаның түсімдері мен шығыстарының сомасы;
4 4) тиісті іс-шараларға бағытталған жергілікті өзін өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану туралы ақпарат;
5 5) өткізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытындылар.
14 14. Жергілікті қоғамдастықтың комиссиясы мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күніне дейін шығарылады.
15
15. Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы тиісті хаттамамен ресімделетін жергілікті маңызы бар мәселелердің шешімдеріне және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар хабарлайды.
16 16. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкіміне жіберіледі.
17
17. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсынымдарды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімі қарайды және жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-сі күніне дейін шығарылады.
18
18. Тиісті жергілікті бюджеттерді және Ақшаның түсімдері мен шығыстарын қалыптастыру және нақтылау кезінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімінің ұсынған қорытындысын және жергілікті қоғамдастықтың жиналысы берген ұсынымдарын қарау бойынша қорытындылар нәтижелері есепке алынады.
0 Жергілікті маңызы бар мәселелерді
шешуге және жергілікті өзін-өзі
басқарудың кіріс көздеріне бөлінген
бюджет қаражатын пайдалануға
мониторинг жүргізу әдістемесіне
қосымша
нысан
Мемлекеттік мекеменің атауы _____________________________
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық ______________________
Бірліктің өлшемдер: мың теңге
Атауы
Жолдың коды
Бір жылға бекітілген жоспар
Бір жылға нақтыланған жоспар
Жарты жылға жоспар
Іс жүзінде орындалуы
Нақтыланған жоспарға орындалуы % (баған 6/баған 4) х100
Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (баған 6/ баған 5) х100
Нақтыланған жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 4)
Жарты жылдық жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 5)
Ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалмау себептері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлық жылдың басына ақшалар қалдығы
010
Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдар сомасы)
020
Оның ішінде
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдерінің басқаруында тұрған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға алуда) түскен түсімдер
021
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін төлем
022
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзғаны үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері өндіріп алатын айыппұлдар
023
Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары
024
өзге
025
Жиыны
030
Шығыстар - барлығы
050
Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша:
Есепті кезеңнің соңында қалған ақша қалдығы - барлығы
100
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,
кенттің, ауыл округінің әкімі ________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)
Қаржы қызметінің басшысы________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)
Күні _____ жылғы «__»____________