Құжат мәтініне өту

Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино Сандыктауского района

Өзге акт · № 17/5 · қабылданған 26.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74647/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино Сандыктауского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 17/5 ·26.08.2013
25.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино Сандыктауского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17/5 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино Сандыктауского района
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/5
Қабылданған күні
26.08.2013
Көрсетілген редакция
25.09.2020 74647_482403.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BP003821
ЭКБ идентификаторы
74647
Редакция идентификаторы
74647_482403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:25

0 Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9, 11-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Қ.Омаров

3 Сандықтау аудандық мәслихатының

2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 17/5 шешімімен
бекітілген
Сандықтау ауданы Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтар №
Жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтар атауы
І-ж
1,6
Аймақ Балкашино селосының орталығында орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектелген. Солтүстік жағы Абай көшесіне шығатын Роза Люксембург тар көшесімен шектеледі және Луговой тар көшесімен аяқталады. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Куйбышев көшесіне шығатын Школьный тар көшесінен басталады Чернова көшесіне дейін және Атбасар-Көкшетау автожолында орналасқан «Бойняжев Г.И.» фермасына дейін шығады.
І а-ж
1,5
Аймақ Балкашино селосының орталық бөлігінің жанында орналасқан. Солтүстік жағы Куйбышев көшесіне шығатын Чернова көшесіне дейінгі Школьный тар көшесімен шектеледі. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Толстой тар көшесінен Западная көшесіне дейін. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектеледі.
ІІ-ж
1,3
Аймақ селоның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы Толстой тар көшесімен шектеледі. Шығыс жағы Абылай хан көшесіне шығатын тұрғын үй массиві аяқталғанға дейінгі Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Шекараның оңтүстік жағы Автобазанының жанынан ОАА (Орталық аудандық аурухана) дейін өтеді және Атбасар-Көкшетау автожолына барып тіреледі.
ІІІ-п
1,2
Аймақ селоның шетіндегі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы өзіне автобазаны қосады. Шығыс жағы «Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан өтеді және Абылай хан көшесі бойынша орналасқан АЭС (аудандық электростанция) оңтүстік жағында аяқталады. Батыс жағы АЭС (аудандық электростанция) қосады және орман алқабының жанынан өтеді.
ІІІ-ж
1,1
Аймақ селоның шығыс бөлігінде Жабай өзенінің ар жағында орналасқан. Тұрғын үй массивін, стадионды, майзауытын, қонақ үйді және жеке кәсіпкер «Чернышев» аумағын қосады.
І-п
1,2
Аймақ селоның батыс бөлігінде орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі және автодромды, метеостанцияны қосады. Шығыс бөлігі тұрғын үйлерді қоса жеке кәсіпкер «Вахаев», «Балкашинский» асыл тұқым зауыты жанынан тұрғын жайларды қоса өтеді, одан әрі Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі. Оңтүстік жағы шаңғы базасын, шұжық жасау цехын және «Бойняжев Г.И.» фермасына қоса алады.
І б-ж
1,4
Аймақ селоның солтүстігінде орналасқан. Солтүстік жағы тұрғын жайлар салынған және жеке кәсіпкер «Әбжанов» дейінгі Абай көшесімен шектеледі. Шығыс жағы тұрғын үй массивінің жанынан өтеді және Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Оңтүстік жағы Луговой тар көшесінің жанынан өтеді және Жамбыл, Абай көшелерін, Абылай хан көшесіне дейін қиып өтеді. Батыс жағы Абылай хан көшесінің жанынан өтеді.
ІІ-п
1,1
Аймақ селоның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ет комбинатын, нанзауытын, электроподстанцияны, сорғышты қосады.

Қолданыстағы