Об утверждении Правил содержания и выгула собак в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и выгула собак в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында иттерді ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 28.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2018 74676_320319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001002
- ЭКБ идентификаторы
- 74676
- Редакция идентификаторы
- 74676_320319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:22
0 Алматы қаласында иттерді ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
3. Алматы қаласының мәслихаты (Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының 2013 жылғы
28 тамыздағы XIХ сессиясының
№ 158 шешімімен
бекітілген
Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Иттерді ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Алматы қаласының аумағында иттерді ұстаудың тәртібін анықтайды.
2 2. Қағида иттерді ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға, меншік (бұдан әрі – иелері) түріне қарамай таралады.
3
3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
2 2. Иттерді ұстау жағдайлары
4 4. Иттердің иелері ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларды сақтаулары тиіс.
5 5. Тұрғын жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде иттерді ұстау кезінде иелері тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
6 6. Жеке тұрғын жайларының иелері иттерін олар қашып кете алмайтын жеке ауласының шекарасында ұстаулары тиіс, ауланың кіре берісінде иттің бары туралы ескерту тақтасы болуы керек.
7 7. Иттерді адамдардың көп шоғырланатын орындарында ұстауға рұқсат етілмейді, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда итті қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстайды.
8 8. Сәндік тұқымды иттерді сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) тасымалдауға рұқсат етіледі.
8-1 8-1. Иттерді ұстау кезінде иелері келесі талаптарды сақтайды:
1 1) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төлі мен оның өткізілгені туралы;
жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлартуралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады;