Об утверждении Правил содержания и выгула кошек в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и выгула кошек в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 28.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2018 74677_320315.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001003
- ЭКБ идентификаторы
- 74677
- Редакция идентификаторы
- 74677_320315
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:22
0 Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
3 3. Алматы қаласының мәслихаты (Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының 2013 жылғы
28 тамыздағы XIХ сессиясының
№ 157 шешімімен
бекітілген
Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мысықтарды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Алматы қаласының аумағында мысықтарды ұстаудың тәртібін анықтайды.
2 2. Қағида меншік (бұдан әрі – иелері) түріне қарамай мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
3
3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
2 2. Мысықтарды ұстау жағдайлары
4 4. Мысықтардың иелері ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларды сақтаулары тиіс.
4-1 4-1. Мысықтарды ұстау кезінде иелері келесі талаптарды сақтайды:
1 1) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды:
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төлі мен оның өткізілгені туралы;
жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады;