Об утверждении списков водно-болотных угодий международного и республиканского значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении списков водно-болотных угодий международного и республиканского значения
- Атауы (қаз.)
- Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 273-ө
- Қабылданған күні
- 06.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2015 AI74717_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008763
- ЭКБ идентификаторы
- 74717
- Редакция идентификаторы
- AI74717_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:20
0 Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдері бекітілсін.
2
2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 292 бұйрығы күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6249 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған).
3 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 273-ө бұйрығына
1-қосымша
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
№
Сулы-батпақты жерлердің атауы
Орналасуы
Көлемі, га
1.
Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесі
Ақмола облысы
353 341
2.
Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі
Алматы облысы
914 663
3.
Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі
Алматы облысы
976 630
4.
Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағаларындағы көлдер
Ақтөбе облысы
348 000
5.
Каспий теңізінің жағалауына іргелес Жайық өзенінің атырауы
Атырау облысы
111 500
6.
Жарсор-Ұрқаш көлдері жүйесі
Қостанай облысы
41 250
7.
Қойбағар-Тымтәуір көлдері жүйесі
Қостанай облысы
58 000
8.
Қулыкөл-Талдыкөл көлдері жүйесі
Қостанай облысы
8 300
9.
Наурызым көлдері жүйесі
Қостанай облысы
139 714
10.
Кіші Арал теңізі және Сырдария өзенінің атырауы
Қызылорда облысы
330 000
1 Республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 273-ө бұйрығына
2-қосымша
Республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
№
Сулы-батпақты жерлердің атауы
Орналасуы
Көлемі, га
1.
Жаркөл көлдер тобы
Ақмола, Қостанай облыстары
8 818
2.
Жұмай-Майшұқыр көлдер тобы
Ақмола облысы
12 490
3.
Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобы
Ақмола облысы
20 350
4.
Тұзащы және Қарасор көлдері
Ақмола облысы
8 582
5.
Ұялышалқар көлдер тобы
Ақмола облысы
20 360
6.
Қаратал өзенінің төменгі сағасы
Алматы облысы
102 195
7.
Сорбұлақ көлі
Алматы облысы
18 540
8.
Топар көлдер жүйесі
Алматы облысы
32 530
9.
Еділ атырауының қазақстандық бөлігі. Жамбай
Атырау облысы
289 075
10.
Ембі өзенінің төменгі сағасы
Атырау облысы
208 990
11.
Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы
Шығыс Қазақстан облысы
104 200
12.
Марқакөл көлі
Шығыс Қазақстан облысы
75 048
13.
Ақжар алабы
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары
25 714
14.
Көшім көлдері
Батыс Қазақстан облысы
175 315
15.
Шалқар көлі
Батыс Қазақстан облысы
27 350
16.
Балықтыкөл көлі
Қарағанды облысы
10 430
17.
Қарасор көлі
Қарағанды облысы
37 286
18.
Сасыққөл көлі
Қарағанды облысы
3 200
19.
Қамыс-Жаманкөл көлдері тобы
Қостанай облысы
3 940
20.
Ақжан көлі
Қостанай облысы
3 026
21.
Батпақкөл көлі
Қостанай облысы
2 690
22.
Бозшакөл көлі
Қостанай облысы
3 520
23.
Құсмұрын көлі
Қостанай облысы
92 510
24.
Орыс Жаркөлі көлі
Қостанай облысы
12 774
25.
Сұлукөл көлі
Қостанай облысы
3 091
26.
Мамыркөл көлі
Қостанай облысы
1 875
27.
Санкебай көлдері
Қостанай облысы
4 675
28.
Сарықопа көлдер жүйесі
Қостанай облысы
51 200
29.
Шошқалы көлдер жүйесі
Қостанай облысы
13 580
30.
Қаракөл көлі
Маңғыстау облысы
5 270
31.
Қорғанкөл көлі
Павлодар облысы
1 097
32.
Ақсуат көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
4 589
33.
Балықты көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
4 138
34.
Үлкен Қақ көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
11 500
35.
Жалтыр көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
2 594
36.
Жыланды көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
3 410
37.
Кіші Қақ көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
9 721
38.
Тереңкөл көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
835
39.
Сорбалық-Майбалық көлдер тобы
Солтүстік Қазақстан облысы
3400
40.
Шағлытеңіз көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
34 750
41.
Шу өзенінің төменгі сағасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
147 950
42.
Қызылкөл көлі
Оңтүстік Қазақстан облысы
1 500
43.
Шардара су қоймасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
113 000
44.
Шошқалы көлдері
Оңтүстік Қазақстан облысы
53 460