Об ограничении хозяйственной деятельности на территории государственного природного заказника местного значения "Эбита"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об ограничении хозяйственной деятельности на территории государственного природного заказника местного значения "Эбита"
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар "Эбита" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 12.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2013 74721_127588.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13C0003652
- ЭКБ идентификаторы
- 74721
- Редакция идентификаторы
- 74721_127588
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:18
0 Жергілікті маңызы бар "Эбита" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы
Ақтөбе облысының ерекше табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 68-бабының 1-тармағына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 122-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жергілікті маңызы бар «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында егер мемлекеттік табиғи қаумалы объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың кез-келген қызметіне жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу енгізу, сонымен қатар:
жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
15 сәуірден 1 қыркүйекке дейін кәсіпшілік балық аулауға;
атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
пайдалы қазбалар өндiруге;
әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;
радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
1 мамырдан 1 тамыз аралығында шопандардың иттерін байлаусыз қоюға;
жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге жол берілмейді.
2 2. Қарғалы ауданының әкімі, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті маңызы бар «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында қажетті шаралар қабылдасын:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық белгілеу жөнінде;
барлық жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне салынған шектеулермен таныстыру жөнінде.