Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач
- Атауы (қаз.)
- Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217-ОД
- Қабылданған күні
- 28.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI74738_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008756
- ЭКБ идентификаторы
- 74738
- Редакция идентификаторы
- AI74738_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:23
0 Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
0 Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 217-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
1 1. Тегі;
2 2. Аты;
3 3. Әкесінің аты;
4 4. Туған күні;
5 5. Туған жері;
6 6. Ұлты;
7 7. Білімі;
8 8. Жынысы;
9 9. Отбасылық жағдайы;
10 10. Азаматтығы:
1 1) бұрынғы азаматтығы;
2 2) Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні;
3 3) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні.
11 11. Қолы;
12 12. Жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) деректері:
1 1) құжаттың атауы;
2 2) құжаттың нөмірі;
3 3) құжатты берген күні;
4 4) құжаттың қолданылу мерзімі;
5 5) құжатты берген орган.
13 13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
14 14. Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті);
15 15. Өмірбаян;
16 16. Арнайы тексеру нәтижелері;
17 17. Салық салу объектiсi болып табылатын оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;
18 18. Ант;
19 19. Заңда белгіленген шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер;
20 20. Мүліктi сенiмдi басқару шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (бар болған жағдайда);
21 21. Еңбек өтілі:
1 1) жалпы еңбек өтілі;
2 2) мемлекеттік қызмет өтілі.
22 22. Наградалары;
23.Тәртіптік жазалар;