Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Коростели Бакинского сельского округа Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Коростели Бакинского сельского округа Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылында шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 871
- Қабылданған күні
- 29.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2013 74747_186895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VH003067
- ЭКБ идентификаторы
- 74747
- Редакция идентификаторы
- 74747_186895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:22
0 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылында шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының м. а. 2013 жылғы 5 тамыздағы № 619 ұсынысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылында иттер құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м. а. (Ж. Шайғазин), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ғ. Сүлейменов) тиісті iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің
Бородулиха аудандық аумақтық
инспекциясы» ММ басшысының м. а. Ж. Шайғазин
2013 жыл «29» тамыз
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Шығыс
Қазақстан облысы бойынша
департаментінің Бородулиха ауданы
бойынша мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» ММ басшысы Ғ. Сүлейменов
2013 жыл «29» тамыз