Об утверждении методики определения опорных сельских населенных пунктов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении методики определения опорных сельских населенных пунктов
- Атауы (қаз.)
- Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 234/ОД
- Қабылданған күні
- 18.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2016 AI74859_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008821
- ЭКБ идентификаторы
- 74859
- Редакция идентификаторы
- AI74859_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:17
0 Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі бекітілсін.
2 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті Тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3 3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4 4) осы бұйрықтың облыстардың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғаринге жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 234/НҚ
бұйрығымен бекітілген
Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 19-тармағына сәйкес әзірленген.
2 2. Әдістеме жергілікті атқарушы органдарының тірек ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі - ТАЕМ) айқындау тәсілдерін белгілейді.
ТАЕМ – бұл дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымы бар, ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) белгілі тобына мемлекеттік, білім беру, денсаулық сақтау, қаржылай-делдалдық, мәдени-демалыс және сервистік қызмет көрсететін, абаттандырылған елді мекен.
3 3. ТАЕМ-ді анықтау:
1 1) мемлекет кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру (АЕМ тұрғындарына әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының қызмет көрсетуін ұтымды радиусқа дейін азайту);
2 2) халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету;
3 3) демографиялық ахуалды жақсарту үшін негіздерді құру;
4 4) ауылдық жерде өмір сүру беделін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында ауыл халқының өмір сүру және еңбек ету жағдайларын жақсартуға бағытталған (өндірістің және халықтың шоғырлануы, өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысын салу және қайта жаңарту) ТАЕМ-дегі өзара байланысқан іс-шаралар кешені көрсетіледі.
2 2. ТАЕМ-нің негізгі міндеттері
4 4. ТАЕМ-нің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1
1) ТАЕМ тартылыс аймағында орналасқан елді мекендер тобының тұрғындарына әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, оның ішінде білім беру, медициналық қызмет көрсету, мәдениет, демалыс, спорт объектілері (мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, спорттық және ойын-сауық мекемелері) салаларында қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету;