Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Сандыктауского района

Қаулы · № А-9/302 · қабылданған 20.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74897/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Сандыктауского района Күшін жойған Қаулы ·№ А-9/302 ·20.09.2013
22.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Сандыктауского района

Күшін жойған Қаулы ·№ А-9/302 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Сандыктауского района
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-9/302
Қабылданған күні
20.09.2013
Көрсетілген редакция
22.04.2016 74897_78996.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BP003844
ЭКБ идентификаторы
74897
Редакция идентификаторы
74897_78996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:16

0 Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Сандықтау ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ А-9/302 қаулысымен
бекітілген
Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

1

1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № А-6/230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-96 болып тіркелген, 2009 жылдың 27 шілдесінде «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағының 5-2)-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға қолғабыс көрсету мақсатында Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2

2. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-157 болып тіркелген, 2012 жылдың 2 наурызында «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

3

3. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 3 қаңтардағы № А-1/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3617 болып тіркелген, 2013 жылдың 25 қаңтарында «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

Қолданыстағы