Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения учета и систематизации нормативных правовых актов государственными органами

Қаулы · № 1146 · қабылданған 25.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74926/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения учета и систематизации нормативных правовых актов государственными органами Күшін жойған Қаулы ·№ 1146 ·25.10.2013
24.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения учета и систематизации нормативных правовых актов государственными органами

Күшін жойған Қаулы ·№ 1146 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения учета и систематизации нормативных правовых актов государственными органами
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1146
Қабылданған күні
25.10.2013
Көрсетілген редакция
24.08.2016 AI74926_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001146
ЭКБ идентификаторы
74926
Редакция идентификаторы
AI74926_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:01

0 Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 25 қа­зан­да­ғы
№ 1146 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары

1 1. Осы Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша олардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін айқындайды.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді.

4 4. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

5 5. Мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру жөніндегі функцияларды мемлекеттік орган басшысының шешімімен айқындалған мемлекеттік органның тиісті бөлімшесі немесе қызметкері (қызметкерлері) жүзеге асырады.

Мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді есепке алуды және жүйелендіру тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жүзеге асырады.

6 6. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

7

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тұрақты негізде қағаз және электрондық түрде жүргізіледі және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен сақтауды, мемлекеттік органның қызмет бағыттарына сәйкес хронологиялық тәртіппен орналастыруды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді бақылау жағдайында ұстауды қамтиды.

8

8. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Республикалық құқықтық ақпарат орталығы тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтын нормативтік құқықтық актінің баспа мәтінінің көшірмесін, оған берілген тіркеу нөмірімен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде алады.
Нормативтік құқықтық актінің көшірмесін алғаннан кейін мемлекеттік органның жауапты адамы келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес атауын, күнін, мемлекеттік тізілімдегі нөмірін көрсете отырып тиісті жазу енгізеді.
Мемлекеттік органның жауапты адамы журналда тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Нормативтік құқықтық актілердің тізіліміне тиісті мәліметтер енгізеді.
Нормативтiк құқықтық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген, нормативтiк құқықтық актілердiң жекелеген бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде оның мәтiнiне енгiзiлетiн нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінiң нысаны, қабылданған күнi және нөмiрi туралы ақпаратты нақты көрсететiн белгi енгiзiледi.

12 Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы

Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың
нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді
есеп­ке алуы және
жүй­е­лен­ді­руі қа­ғи­да­ла­ры­на
қо­сым­ша
Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы
Р/с

Ке­ліп түс­кен кү­ні
Кі­ріс нө­мі­рі
Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­де­гі нө­мі­рі
Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің ата­уы
1
2
3
4
5

Қолданыстағы