Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач
- Атауы (қаз.)
- Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 08.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI74932_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008835
- ЭКБ идентификаторы
- 74932
- Редакция идентификаторы
- AI74932_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:08
0 Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
3 3) Осы бұйрықты мүдделі құрылымдық бөлімшелерге басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына (А. Ж. Ашуев) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 8 қазандағы № 232
бұйрығымен бекітілді
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
р/с №
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы
1.
Тегі
2.
Аты
3.
Әкесінің аты
4.
Ұлты
5.
Діни наным-сенімі
6.
Туған жері:
Ел
Облыс
Аудан
Елді мекен
7.
Туу туралы куәлігінің нөмірі
8.
Туу туралы куәлігінің берілген күні
9.
Туу туралы куәлікті берген орган
10.
Азаматтығы
11.
Тұратын орны туралы мекенжай мәліметтері:
Ел
Облыс
Аудан
Елді мекен
Көше атауы
Үй нөмірі
Корпус нөмірі
Пәтер нөмірі
12.
Электрондық почта мекенжайы
13.
Байланыс телефондарының нөмірі (ұялы, үй, жұмыс)
14.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
15.
Мүлік туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік – жеке үй, пәтер)
16.
Әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жетім балалар)
17.
Жетім балалардың мүгедектік тобы
18.
І-ІІ топтағы мүгедектігі бар балалар,соның ішінде бала кезінен мүгедектер
19.
Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегі
20.
Білімі бойынша кәсібі және мамандығы
21.
Білім деңгейі
22.
Бітірген жылы
23.
Оқыту нысаны
24.
Некедегі жағдайы
25.
Некеге отырғанға дейінгі тегі
26.
Неке куәлігінің сериясы
27.
Жұбайлар туралы мәлімет (күйеу, әйел)
28.
Туыстық дәрежесі
29.
Соттылығының болуы