Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан без открытия банковского счета

Қаулы · № 395 · қабылданған 13.10.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7495/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан без открытия банковского счета Күшін жойған Қаулы ·№ 395 ·13.10.2000
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан без открытия банковского счета

Күшін жойған Қаулы ·№ 395 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан без открытия банковского счета
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
395
Қабылданған күні
13.10.2000
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI7495_36.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001304_
ЭКБ идентификаторы
7495
Редакция идентификаторы
AI7495_36
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:13

0 Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

6 Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 13 қазандағы
N 395 қаулысымен
"бекітілген"
Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1 1. Жалпы ережелер

📌 Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2

2. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдарына ақша жөнелтушi және (немесе) бенефициар банктiк есепшоттарды қолданбай жүзеге асатын төлемдер мен аударымдар жатады және олар ақша жөнелтушi көрсеткен бенефициар пайдасына қолма-қол ақшасыз тәртiппен аударылуы және (немесе) бенефициардың өз банктiк есепшотынан тыс қолма-қол ақшаны алу үшiн қолма-қол ақшаны төлеу арқылы жасалады.
Бұл ретте заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуін қоспағанда, заңды тұлғалардың және олардың бөлімшелерінің жүзеге асыратын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары олар банк шотын ашқан кезде ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес банкке қолма-қол ақшамен зейнетақы жарналарын енгізуге құқылы тұлғалар банктік есепшот ашпай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.
Заңды тұлғаға банктiң қызметіне бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде қолма-қол ақша жарнасы арқылы ақы төлеуге рұқсат беріледі.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3 3. Қағидалар банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейді.

📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4

4. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (бұдан әрі – № 179 нұсқаулық) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5 5. Клиенттiң банктiк шотын ашпай жасалатын төлемдер мен ақша аударымдары теңгемен де, шетел валютасымен де жүзеге асырылады.

📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6

6. Резиденттер мен резидент еместер арасында немесе резидент еместер арасында жүзеге асырылатын клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақшаның теңгедегi төлемдерi мен аударымдары, сондай-ақ ақшаның шетелдiк валютадағы барлық төлемдерi мен аударымдары Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалады.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

6-1

6-1. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) ақша жөнелтуші және/немесе бенефициар туралы ақпаратты (атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру коды (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлға үшін) және почталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй мен пәтер нөмірі), сондай-ақ «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi мен аударымы туралы мәліметтерді операция жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.
📌 Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7

7. Банк шотын ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары түбіртектер, кіріс касса ордерлері, хабарлама-шоттар, бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар, зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрі - төлем хабарламалары) болып табылады. Қағаз тасымалдауышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.
Осы тармақта белгіленген талаптар қолма-қол ақшаны банкке электрондық терминалдар арқылы енгізу жолымен жүзеге асырылатын банктік шот ашпай ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру жағдайында қолданылмайды.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2007.06.25 N 67, 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

8

8. Төлем хабарламаларында Қағидалардың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болады. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.
📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9 9. Банк төлем хабарламаларын банктiң белгiленген операция күнi iшiнде қабылдайды.

2 2. Төлем хабарламаларын ресiмдеудің жалпы талаптары

📌 Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10 10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi төлем хабарламаларының нысанын белгiлемеген жағдайда ақша жөнелтушi алушы банк немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiмен белгiленген нысанда банкке төлем хабарламаларын ұсынады.

11 11. Банктiк шотты ашпай төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған кезде төлем хабарламаларында мынадай мiндеттi деректемелер қамтылады:

1 1) төлем хабарламасының атауы;

2 2) төлем хабарламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;

3 3) ақша жөнелтуші жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе ақша жөнелтуші заңды тұлғаның немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық атауы;

4 4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке сәйкестендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ пошталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;

5 5) ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, жөнелтушiнің банкінің және бенефициардың банкінің толық атауы, олардың банктiк сәйкестендіру кодтары;

6

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысында белгіленген ақша жөнелтушiнiң «АЖК» коды, бенефициардың «БеК» коды, төлем мақсаты және оның кодтық белгiленуі;

7 7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;

8 8) ақша аударымы олардың жеке сәйкестендіру коды көрсетіле отырып жүргізілген жағдайда, ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ЖСН-і немесе БСН-і;

9 9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi тұлғарының тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қолы, сондай-ақ мөр бедері (ол болған кезде). Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы.

📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

12 12. Қажет болған жағдайда ақша жөнелтуші төлем хабарламасында валюталау күнін көрсетеді. Коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған хабарлама-шоттарда валюталау күнi көрсетілмейді.

📌 Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

13 13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынады.

Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» деген бағанда заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» деген бағанда филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» деген бағанда заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» деген бағанда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» деген бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» деген жазудың астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізген күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарлама (әлеуметтік аударымдарға арналған) алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы көшірмесімен қоса ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарламаның (әлеуметтік аударымдарға арналған) электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.
📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

14 14. Ақша жөнелтушіге төлем хабарламаларында өзiнiң мекенжайына және бенефициардың мекенжайына (телефон нөмiрi, факс нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы және басқа да мәлiметтер) қатысты қосымша мәлiметтер көрсетуге рұқсат беріледі.

📌 Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Төлем хабарламаларын қабылдау

📌 Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15 15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Төлемдер туралы заңда белгіленген мерзімдерде орындайды.

Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы банк бенефициардың пайдасына ақша аударуға міндеттеме қабылдайды.
Алушы-банк бюджетке төлемдер төлеуге, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуге енгізілген қолма-қол ақшаны алушы-банкке олар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға аударуы тиіс.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2011.05.30  № 52(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

16 16. Ақша жөнелтушiден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк ақша жөнелтушiге қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiнде тиiстi растау бередi.

17 17. Банктiк шотты ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша клиенттердiң төлем хабарламаларын орындағаны үшiн банктерге клиенттерден комиссиялық сыйақы алуға рұқсат беріледі.

Комиссиялық сыйақының мөлшерiн, төлеу тәртібін және мерзiмiн банк дербес белгiлейдi.
📌 Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

18 18. Егер алушы банк пен ақша жөнелтушінің арасындағы ақша аударымы шартында (бюджетке төлемдер төлеу мақсатындағы ақша аударымы шарттарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, төлем хабарламасын орындаған кезде алушы банк төлем сомасының есебінен комиссиялық сыйақы алмайды.

📌 Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

19 19. Банк ақша жөнелтушінің төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:

1 1) төлем хабарламасы Қағидаларда белгiленген талаптарды және (немесе) ақша аудару шартының талаптарын бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;

2 2) ақша жөнелтушi ақша аудару үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;

3 3) банк төлем хабарламасында санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес еместiгiн анықтаған жағдайда;

4 4) Қазақстан Республикасының заңдары және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда.

📌 Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016  № 32(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-1 3-1. Ақша төлемі мен аударымын банктік шот ашпай-ақ электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру ерекшеліктері

📌 Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

19-1

19-1. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру банк қолма-қол ақшаны жіберушіден электрондық терминалды пайдалана отырып қабылдауды жүзеге асыру кезінде жасалатын электрондық төлем хабары (бұдан әрі - төлем хабары) негізінде жүзеге асырылады. Төлем хабары ақша жіберушінің банкке бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру туралы нұсқауын білдіреді.

19-2 19-2. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шотты ашпай электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге чек беріледі, чекте мынадай міндетті деректемелер қамтылады:

1 1) құжаттың нөмірі, жазылған күні, айы, жылы;

2 2) ақша жөнелтушінің банкінің және бенефициардың атауы;

3 3) төлем сомасы;

4 4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;

5 5) төлем валютасы;

6 6) төлем мақсаты;

7 7) төлем мақсатының коды.

📌 Ескерту. 19-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

19-3 19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте Қағидалардың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуға тиіс:

1 1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;

2 2) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, бюджетке төленетін төлемдердің атауы;

3 3) мемлекеттік кіріс органының коды (цифрлық белгісі);

4 4) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.

Чекте қажет болған жағдайда банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.
📌 Ескерту. 19-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

19-4 19-4. Ақша жіберушіге электрондық терминал беретін чек бастапқы құжат мәртебесіне ие және банкке электрондық терминал арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру фактісін растайтын құжат болып табылады.

19-5

19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және Қағидалардың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жөнелтушінің алдында бенефициардың пайдасына төлемді және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.
📌 Ескерту. 19-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4 4. Ақша аударымы туралы шарт

📌 Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20

20. Банктiк есепшот ашпай ақшаны аудару ақша аудару туралы шарт бойынша жүзеге асырылады. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (алушы банк) екiншi тараптың (ақша жөнелтушiнiң) тапсырмасымен ақша жөнелтушiге жеке бiрегейлендiру кодын бермей, үшiншi адамның пайдасына ақша аударуды мiндетiне алады.

21 21. Ақша аударымы туралы шартты жасаған кезде алушы банк және ақша жөнелтуші ақша аудару тәртібін, оның iшiнде комиссиялық сыйақы алу тәртібін, сондай-ақ ақша аударымы бойынша өз құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн келiседі.

📌 Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

22

22. Банк клиенттiң осындай банктiк қызметтi көрсетуге ұсыныс берген кезде төлем хабарламасын орындауға қабылдаған жағдайда ақша аудару туралы шарт жасалған болып саналады немесе электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу жолымен төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын чек береді.
📌 Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

23 23. Алушы банк банктiк есепшот ашпай ақша аударатын ақша жөнелтушiнi төлем жасау тәртiбiмен және қызмет көрсетудiң осы түрiн ұсыну бойынша банктiң iшкi ережесi белгiлеген жеке тарифтерiмен таныстыруға мiндеттi.

5 5. Ақша аударымын жүзеге асыру

📌 Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24 24. Ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша жөнелтушінің банкі қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негізінде орындалуы Төлемдер туралы заңда және № 179 нұсқаулықта көзделген тәсілдермен және тәртіппен жүргізілетін тиісті төлем тапсырмасын ресімдейді.

📌 Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6 6. Ақша төлемi мен аударымын аяқтау

📌 Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25 25. Банктiк шоты жоқ бенефициардың пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициардың банкi бенефициарға оның пайдасына ақша түскенi туралы белгiленген нысанда жасалған банк хабарламасын жiберу арқылы немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен хабарлайды.

📌 Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

26 26. Ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасына немесе төлем хабарына сәйкес ақша аударымы:

1 1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктiк есепшоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған;

2 2) бенефициардың банктiк есепшоты болмаған жағдайда бенефициар банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген кезден бастап аяқталды деп есептеледi.

📌 Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

27 27. Бенефициар жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бенефициар банкі бенефициарға - жеке тұлғаға төлем хабарламасы бойынша қолма-қол ақша сомасын береді.

28 28. Банк бенефициарға төлемнің жүзеге асырылғанын растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының талаптары бар құжатты береді.

📌 Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

29 29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын міндетті түрде көрсете отырып банктің тиісті құжатына қол қояды.

📌 Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

30 30. Бенефициар төлем хабарламасы бойынша ақша аударымы сомасын алу үшiн келмеген жағдайда (оның банктiк шоты болмаған жағдайда), бенефициардың банкі осы соманы екiншi деңгейдегi банктерге арналған бухгалтерлiк есеп жоспарында көзделген банктің тиісті шоттарында банк белгiлеген мерзiмде есепке алады.

📌 Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

31 31. Төлем хабарламасының орындалуын керi қайтарып алу және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Банк шотын ашпай аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару

📌 Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32 32. Ақша аударымын жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, ақша жөнелтушiнің банкі және бенефициардың банкi ақшаны ақша жөнелтушiге қайтару үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.

📌 Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

33 33. Қате нұсқаудың орындалу фактiсi анықталған жағдайда осындай аударым сомасы ақша жөнелтушi банкке осы фактi анықталған күннен бастап келесi операция күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады.

34 34. Ақша жөнелтушi банкке қате аударылған ақша сомасын қайтарған кезде:

1 1) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болған жағдайда осы сома бұл есепшотқа есептеледi;

2 2) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда ақша сомасы банкте екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген есепшоттарда есепке алынады.

35 35. Бенефициардың банкі ақшаны қайтарған кезде, ақша жөнелтушінің банкі қайтарылған ақша түскен күнінен бастап үш операциялық күн ішінде ақша жөнелтушіге осындай қайтару туралы банк белгілеген тәсілдермен хабарлайды.

Егер ақша қайтару ақша аудару туралы қате нұсқауды орындау себебімен жүргізілген жағдайда, төлемді қайтару туралы ақша жөнелтушiге хабар бермеуге рұқсат беріледі. Ақша қайтарылғаннан кейiн үш операциялық күн iшiнде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкіне тиiстi деректемелерi бар төлем құжатын жiбереді.
📌 Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

36 36. Ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда қайтарылған ақшаны төлеу ақша жөнелтушiнiң банктiң ақша аударуды қабылдау туралы белгiсi бар тиiстi құжатты көрсете отырып, ақша жөнелтушi банктiң кассасы арқылы жүзеге асады.

37 37. Алушы банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасы қате орындалғаны үшiн, егер оның кiнәсiнен қате кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және ақша аудару шартында көзделгендей жауап бередi.

Егер төлем хабарламасында қатенi ақша жөнелтушi жiберсе, алушы банк қате орындалған төлем хабарламасына жауап бермейдi.

8 8. Тараптардың жауапкершiлiгi

📌 Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9 9. Қосымша талаптар

📌 Ескерту. 9-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

88 Қазақстан Республикасының аумағында

банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
📌 Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
кас­сир
ТҮ­БІР­ТЕК (же­ке тұ­лға­лар үшін) Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші ___________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
ЖСН ______________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны _________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Бе­не­фи­ци­ар ____________________ БСН ______________________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі ________________ БСК_____________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Же­ке тұ­лға­лар­дың мүл­кіне са­лық
Жер са­лы­ғы
Же­ке тұ­лға­лар­дан кө­лік құ­рал­да­ры­на са­лық
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің қо­лы _________________ Кү­ні ____________
кас­сир
ХА­БАР­ЛА­МА (же­ке тұ­лға­лар үшін) Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші
_________________________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
ЖСН _____________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен-жайы мен те­ле­фо­ны
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны)
Бе­не­фи­ци­ар_____________________________ БСН______________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі ______________________ БСК______________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Же­ке тұ­лға­лар­дың мүл­кіне са­лық
Жер са­лы­ғы
Же­ке тұ­лға­лар­дан кө­лік құ­рал­да­ры­на са­лық
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің қо­лы _________________ Кү­ні ____________

89 Қазақстан Республикасының аумағында

банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
📌 Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
кас­сир
ТҮ­БІР­ТЕК (да­ра кә­сіп­кер­лер үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші ____________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты неме­се ата­уы)
ЖСН (БСН) _________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны __________________
___________________________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны)
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар_______________________ БСН______________________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі __________________ БСК ___________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Же­ке та­быс са­лы­ғы
Қо­сым­ша құн са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Тө­лем кө­зі­нен ұстал­ған же­ке та­быс са­лы­ғы
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің қо­лы ____________________ Кү­ні __________
кас­сир
ХА­БАР­ЛА­МА (да­ра кә­сіп­кер­лер үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші_____________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты неме­се ата­уы)
ЖСН (БСН)__________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны
___________________________________________________________
(са­лық тө­ле­у­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны)
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар _______________________ БСН_____________________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі __________________ БСК ___________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Же­ке та­быс са­лы­ғы
Қо­сым­ша құн са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Тө­лем кө­зі­нен ұстал­ған же­ке та­быс са­лы­ғы
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):

90 Қазақстан Республикасының аумағында

банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
📌 Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
кас­сир
ТҮ­БІР­ТЕК (заң­ды тұ­лға­лар үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші ____________________________________________
___________________________________________________________
(заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се заң­ды тұл­ға­ның фи­ли­а­лы­ның,
өкіл­ді­гі­нің, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы)
БСН _______________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны __________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар_______________________ БСН______________________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі __________________ БСК ___________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Ак­ц­и­з­дер
ҚҚС
Әле­умет­тік са­лық
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):__________________ Кү­ні __________
Бас­шы­ның те­гі, аты,             Бас бух­гал­тер­дің те­гі,
әке­сі­нің аты                    аты, әке­сі­нің аты
__________________________      ___________________________
Қо­лы ______________ Мөр (бар бол­са) Қо­лы ______________
кас­сир
ХА­БАР­ЛА­МА (да­ра кә­сіп­кер­лер үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші_____________________________________________
(заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се заң­ды тұл­ға­ның фи­ли­а­лы­ның,
өкіл­ді­гі­нің, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы)
БСН __________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар _______________________ БСН_____________________
(мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны)
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі __________________ БСК ___________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті
Төлем­нің ата­уы
БЖК
ТМК
Со­ма­сы
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Ак­ц­и­з­дер
ҚҚС
Әле­умет­тік са­лық
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):__________________ Кү­ні __________
Бас­шы­ның те­гі, аты,             Бас бух­гал­тер­дің те­гі,
әке­сі­нің аты                    аты, әке­сі­нің аты
__________________________      ___________________________
Қо­лы ______________ Мөр (бар бол­са) Қо­лы ______________

91 Қазақстан Республикасының аумағында

банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
📌 Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Нысан
ТҮ­БІР­ТЕК                            Ре­зи­дент
(зей­не­та­қы тө­лем­де­ріне ар­нал­ған)    Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші ______________________ СТН ___________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны ____________________
_____________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар _____________ СТН_____________ ЖСК _______________
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі _____________________ БСК __________________
Төлем­нің ата­уы
ТМК
Со­ма­сы
Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­сы
010
Ер­кін зей­не­та­қы жар­на­сы
013
Өсім­пұл
019
БАР­ЛЫ­ҒЫ (Со­ма­сы жа­зу­мен): ____________________________________
Кү­ні _____________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні ___________________________________
______________________________________________________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
р/с
Әле­умет­тік же­ке код
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (Әле­умет­тік же­ке код алу үшін тір­кеу кар­точ­ка­сын­да (өзгер­ген бол­са, көр­се­тіл­сін)
Ту­ған кү­ні
СТН
Ке­зең
Со­ма­сы
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні ______________________________________
_______________________________________________________________­__
Қо­лы __________________
Кү­ні __________________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
Кас­сир:
ХА­БАР­ЛА­МА                        Ре­зи­дент
(зей­не­та­қы тө­лем­де­ріне ар­нал­ған) Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші __________________ СТН _____________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны __________________________
_______________________________________________________________­_­_­__
Бе­не­фи­ци­ар ____________ СТН _________________ ЖСК _________________
Бе­не­фи­ци­ар бан­кі ______________________ БСК _______________________
______________________________________
Төлем­нің ата­уы
ТМК
Со­ма­сы
Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­сы
010
Ер­кін зей­не­та­қы жар­на­сы
013
Өсім­пұл
019
БАР­ЛЫ­ҒЫ (Со­ма­сы жа­зу­мен):____________________________________
Кү­ні __________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні _________________________________
Қо­лы __________________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
р/с
Әле­умет­тік же­ке код
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (Әле­умет­тік же­ке код алу үшін тір­кеу кар­точ­ка­сын­да (өзгер­ген бол­са, көр­се­тіл­сін)
Ту­ған кү­ні
СТН
Ке­зең
Со­ма­сы
1.
2.
3.
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні _____________________________________
Кү­ні __________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
Ескерту:* БЖК-ны жыл сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітеді

92 Қазақстан Республикасының аумағында

банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 5-қосымша
Нысан
📌 Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Кас­сир:
ТҮБ­ГР­ТЕК (әле­умет­тік ауда­рым­дар үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші  ___________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны __________________
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар «Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі «Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы»
РМҚК
БСК ______________
Төлем­нің ата­уы
ТМК
Со­ма
Әле­умет­тік ауда­рым­дар
012
Өсім­пұл
017
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­з­ба­ша):
Кү­ні ____________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні __________________________________
Қо­лы _____________                       Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)

Же­ке сәй­кесте нді­ру нө­мі­рі
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін алу­ға ар­нал­ған тір­кеу кар­точ­ка­сын­да­ғы (өзгер­се, көр­се­ту қа­жет)
Ту­ған кү­ні
Ке­зең (ай, жыл)
Со­ма
1.
2.
3.
ЖИЫН­ТЫҒЫ:
Кү­ні _____________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні __________________________________________
Қо­лы _____________________
Кас­сир:
ТҮБ­ГР­ТЕК (әле­умет­тік ауда­рым­дар үшін)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жө­нел­ту­ші  _____________________
ЖСН/БСН _____________________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен­жайы мен те­ле­фо­ны __________________
___________________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар «Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі «Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы»
РМҚК
БСК ______________
Төлем­нің ата­уы
ТМК
Со­ма
Әле­умет­тік ауда­рым­дар
012
Өсім­пұл
017
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­з­ба­ша):
Кү­ні _____________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні ______________________________________
Қо­лы _____________________
Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)

Же­ке сәй­кесте нді­ру нө­мі­рі
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін алу­ға ар­нал­ған тір­кеу кар­точ­ка­сын­да­ғы (өзгер­се, көр­се­ту қа­жет)
Ту­ған кү­ні
Ке­зең (ай, жыл)
Со­ма
1.
2.
3.
ЖИЫН­ТЫҒЫ:
Кү­ні _____________+________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні _______________________________________
Қо­лы ______________________
Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)

Қолданыстағы