Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 26.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2016 74960_118959.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NL004256
- ЭКБ идентификаторы
- 74960
- Редакция идентификаторы
- 74960_118959
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:14
0 Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238–баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы жиырма бес пайызға арттырылған құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген, 2013 жылғы 4 сәуірде "Айна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық аудандық
мәслихаты хатшысының м.а.
______________ Г. Ягодин
4 Әкімдіктің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 311 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) әлеуметтiк жұмыс жөніндегі маман;
4 4) психолог;
5 5) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші;
6 6) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
7 7) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымы:
1 1) бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалiмдерi;
2 2) мектеп, мектеп-интернат директоры;
3
3) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм, қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;