Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач

Бұйрық · № 281 · қабылданған 13.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74987/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач Күшін жойған Бұйрық ·№ 281 ·13.09.2013
22.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач

Күшін жойған Бұйрық ·№ 281 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач
Атауы (қаз.)
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281
Қабылданған күні
13.09.2013
Көрсетілген редакция
22.01.2018 74987_291174.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008818
ЭКБ идентификаторы
74987
Редакция идентификаторы
74987_291174
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:18

0 Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директорына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Жалпы қолжетімді дербес деректер:

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

2 2. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәлімет;

3 3. Қолы;

4 4. Туған жылы, айы, күні;

5 5. Туған жері;

6 6. Жеке куәлік құжатының деректері: құжаттың атауы, нөмірі, берген күні, қолданылу мерзімі, құжатты берген орган;

7 7. Азаматтығы (алдыңғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасы азаматтығының күші жойылған күні;

8 8. Тұрғылықты мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша немесе келген орны бойынша тіркеу күні;

9 9. Электрондық почтасының мекенжайы;

10 10. Байланыс телефондарының нөмірлері;

11 11. Жеке сәйкестендіру нөмірі;

12 12. Заңды мекенжайы, заңды мекенжайды тіркеу күні (тіркеуден шығару), қызмет түрі;

13 13. Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні және ондағы жазбалар туралы мәліметтер;

14 14. Қызметтік келісімшарттың, азаматтық-құқықтық шарттың мазмұны мен деректемелері;

15 15. Мүлік туралы мәлімет (мүліктік жағдай): автокөлік (маркасы, тіркеу орны), орналастыру мекенжайы, жылжымайтын мүлік объектілерін алу тәсілі мен негізі;

16 16. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, көтермелеулер (оның ішінде награданың, атақтар немесе көтермелеулер атауы немесе аты, марапаттау немесе көтермелеу туралы нормативтік актінің күні мен түрі) туралы мәліметтер;

17 17. Аттестациялау бойынша материалдар;

18 18. Ішкі қызметтік тергеу бойынша материалдар;

19 19. Белгіленген нысандағы медициналық қорытынды;

20 20. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет;

21 21. Әлеуметтік жеңілдік туралы және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, беру күні, жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы).

22

22. Еңбек қызметі туралы мәлімет (лауазымды толық көрсете отырып, ағымдағы уақытқа еңбек қызметі туралы, құрылымдық бөлімшенің, ұйымның және оның атауы туралы деректер, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі, мекенжайлар мен телефондар, сондай-ақ басқа ұйымдардағы бұрын атқарған лауазымның толық атауы мен осы ұйымдарда жұмыс уақытының деректемелері);

23

23. Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білім немесе арнайы дайындықтың бар-жоғы туралы мәліметтер (білім беру мекемесін аяқтау туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, беру күні, оның ішінде білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері, факультет немесе бөлімше, білім беру мекемесін аяқтау бойынша біліктілігі мен мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, шетел тілдерін білуі);

24 24. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, білім беру мекемесін аяқтау бойынша біліктілігі мен мамандығы);

25 25. Еңбекақы туралы мәлімет (оның ішінде жалақы, үстемеақы, салықтар бойынша деректер);

26 26. Әскери міндетті адамдар мен әскери қызметке шақыруға жататын адамдардың есепке алынуы туралы мәліметтер (әскери билеттің сериясы, нөмірі, оны берген органның атауы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке қою/алу туралы деректер);

27

27. Отбасы жағдайы туралы мәлімет (некедегі жағдайы, неке қию туралы куәліктің деректері, әйелінің (күйеуінің) тегі, аты, әкесінің аты, әйелінің (күйеуінің) жеке куәлік құжатының деректері, туыстық дәрежесі, отбасының, бірге тұратын басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері, баланың бар-жоғы және олардың жасы);

28 28. Соттылығының болуы (болмауы).

Қолданыстағы