Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/04
- Қабылданған күні
- 03.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2016 75023_122591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KR002411
- ЭКБ идентификаторы
- 75023
- Редакция идентификаторы
- 75023_122591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:10
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу туралы
Халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындарының квотасы меншiк нысанына қарамастан Приозерск қаласы мекемелерi, ұйымдары және кәсiпорындарында жұмыс орындарының жалпы санының 1 (бір) пайыз мөлшерiнде белгiленсiн.
2
2. Қала мекемелерi мен ұйымдары, кәсiпорындарының басшылары белгiленген квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерiн жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының санын бөлсiн.
3
3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 33/1 "Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне 2011 жылғы 5 қазанда № 8-4-244 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2011 жылдың 7 қазанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.