Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Өзге акт · № 312 · қабылданған 14.09.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7511/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста 14.09.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 312 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
312
Қабылданған күні
14.09.2000
Көрсетілген редакция
14.09.2000 · қолданыстағы 7511_295594.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000428_
ЭКБ идентификаторы
7511
Редакция идентификаторы
7511_295594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:16
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 983 «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыстық әскери комиссариаттың шақыру пунктіне офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлердің келуін қамтамасыз етсін.

2. Облыстық шақыру комиссиясының қүрамы №1 косымшаға сай бекітілсін.

3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) запастағы офицерлерді дәрігерлік тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге байланысты қаржы бөлуді ұйымдастырсын.

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

- жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын № 2 қосымшаға сай бөлсін;
- запастағы офицерлердің Қызылорда каласындағы облыстық диагностикалық орталығында, сол сияқты арнайы емдеу-профилактикалык мекемелерінде, «Денсаулық» жауапкершілігі шектелген облыстық дәрігерлік орталығында тегін және кезектен тыс тексеруден өткізуін ұйымдастырсын.

5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған запастағы офицерлерді іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.

6. Облыстық әділет басқармасы (Б Қалымбетов) әскери қызметке шақырылған запастағы офицерлердің қылмыстык ісі сотта қаралғандары және запастагы офицерлерге қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде әскери комиссариаттарға хабарласын (запастағы офицерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің кандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген үкімдердің көшірмелерін немесе анықтамаларды).

7. Облыстык әділет баскармасының азаматтардың хал-актісін тіркеу жөніндегі бөлімі (В.Сейітова) запастағы офицерлердің тегі мен аты-жөнін және азаматтык хал-актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ак запастағы офицерлердін арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді әскери комиссариаттарға хабарласын.

8. Облыстык прокуратураға (Б.Асқаров) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.

9. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлердің, сондай-ак запастағы офицерлердің жарамдылығын анықтауға қатысқан кызметшілердің. шакыруға байланысты жұмыс атқарған кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалакысы сақталсын.

10. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариаты (О.Петроченков), облыстык ішкі істер (Т.Рахимов), әділет (Б.Қалымбетов), денсаулық сақтау (Д.Даулетбаев) және қаржы (Қ.Әжібеков) басқармалары осы шешімнің орындалуы жайлы 2000 жылдың 10 қазанына облыс әкіміне хабарласын.

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құкықтық бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.

12 Комиссия мүшелері:

Облыс әкімінің
2000 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 312 шешіміне № 1 қосымша
Облыстық шақыру Комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Н. Ерімбетов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
О. Петроченков - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Г. Тұрсынбекова - облыстық арнаулы емдеу-профилактикалық мекемесінің аяжаны, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Б. Италмасов - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
А. Ізтлеуов - облыстың бас терапевті
М. Қаниев - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Қ.Наурызбаев - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы

13 Комиссия мүшелері:

Облыс әкімінің
2000 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 312 шешіміне № 2 қосымша
Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясы
М. Қаниев - дәрігерлік комиссияның төрағасы
Комиссия мүшелері:
Е. Ешмұратов - облыстық. Диагностикалық орталықтың (ОДО) хирургі
Н. Тілеубаева - ОДО-нің терапевті
А. Әбішев - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры
М. Асанов - ОДО-ның тіс дәрігері
К. Сеилона - ОДО-ның лор дәрігері
Ж. Ахметова - ОДО-ның невропатологы
В. Сороколетов - облыстық тері-венерологиялық диспансерінің тері аурулары жөніндегі дәрігері
Ж. Бодықов - облтубдиспансердің фтизиатрі
О. Смаханов - Казлепрозорийдің лепр-дәрігері
Б. Ержанов - ОДО-ның рентгенологы
Д. Сүлейменова - ОДО-ның көз дәрігері
А. Алдамжаров - ОДО-ның травмотологы