Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Өзге акт · № 299 · қабылданған 06.09.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 06.09.2000 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-7512/?version=7512_295805.kaz
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы Қолданыста
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}

Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы

ҚАЗШаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қолданыста Өзге акт № 299 қабылданған 06.09.2000

ЭКБ деректері 05.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Атауы (қаз.)
Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
299
Қабылданған күні
06.09.2000
Көрсетілген редакция
06.09.2000 · қолданыстағы 7512_295805.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.09.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000429_
ЭКБ идентификаторы
7512
Редакция идентификаторы
7512_295805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:17

0 Шаруашылық есептегі «Қызылорда су-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 966 «Кейбір су шаруашылығы объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы» қаулысын іске асыру, және біздің облыс үшін су шаруашылығының аса маңыздылығын, онын ерекшеліктерін, облыс көлемінде және халықаралық деңгейде су шаруашылығы саясатын, мемлекетаралық су бөлу, Арал теңізі проблемалары жоне Сырдария өзенінің мәселелерімен айналысатын су шаруашылығы органын, оның қүрылымын өзгерту арқылы сақтап қалу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН.

1. «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде құрылымдық құрамы № 1 қосымшаға сәйкес шаруашылық есептегі «Қызьлордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

2. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын және оның кұрылымын бекіту үшін 10 күн мерзім ішінде ұсыныс берілсін.

3. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қаржыландыру жергілікті бюджеттен, су тұтынушыларға су жеткізіп беру қызметі және басқа шаруашылық қызмет түрлерінен түсетін қаражат есебінен жүргізілетін болып белгіленсін.

4. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бұрынғы «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мүлік және басқа да құқықтық иеленушісі болып есептелсін.

5. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны суармалы егістікке су жеткізіп беру қызметіне алынатын төлемді жинауды Қызылорда облысы шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің тоқсан сайынғы бекіткен тарифы бойынша жүргізсін.

6. «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (Ә.Құтжанов) белгіленген тәртіп бойынша «Қызылордасушаруашылығы» республикалык мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру және тарату жұмыстарын жүргізсін.

7. Облыс әкімінің орынбасарына (Б.Нұртазаев) шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдык мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп экономиканың су шаруашылығы секторының және су шаруашылығы саясатының 2000-2005 ж. арналған стратегиялық дамуы туралы іс-шаралар жасап, 2000 жылдың қыркүйегіне дейін ұсыныс беру тапсырылсын.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсін.

9 Облыс әкімінің

2000 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 299 шешіміне № 1 қосымша
«Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық құрамына кіретін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі

1. Жаңақорған аудандық су жүйелері басқармасы (СЖБ).

2. Шиелі СЖБ

3. Қызылорда СЖБ

4. Сырдария СЖБ

5. Жалағаш СЖБ

6. Қармақшы СЖБ

7. Қазалы СЖБ

8. Қызылорда су торабы

9. Қазалы су торабы

10. Жаңадария каналдар басқармасы.