Об утверждении формы справки о происхождении вылова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы справки о происхождении вылова
- Атауы (қаз.)
- Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 262-Ө
- Қабылданған күні
- 27.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2014 AI75133_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008779
- ЭКБ идентификаторы
- 75133
- Редакция идентификаторы
- AI75133_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:24
0 Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 16-02/88 «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7465 тіркелген, 2012 жылдың 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
6 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 262-ө бұйрығымен
бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама
____________________________________________________________________
(заңды /жеке тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда),
жануарлар әлемін пайдалануға арналған________________________________
рұқсат көшірмесінің негізінде нөмірі _____ күні______).
Пайдаланушы туралы ақпарат:
№
р/р
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері
20_ жылдан
20 _ жылға дейін бекітілген квота (тонна)
20__ жылдың «__» ______ жағдай бойынша ауланғаны (тонна)
1
2
3
Жиыны:
Жөнелтпе көліктік құжаттың нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда)
_________________________________________________________________
Сату-сатып алу келісімшартының нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда)
_________________________________________________________________
Инспекция балықтың қайда ауланғанын растайды:
№
р/р
Балықтың саны (тонна)
Балықтың түрі
1.
2.
3.
Жиыны:
Анықтаманың берілген күні 20__ ж. «___» ___________
Қолы _____________________________________________________
(аумақтық бөлімше басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны