О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 07.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2021 75153_544965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NA004281
- ЭКБ идентификаторы
- 75153
- Редакция идентификаторы
- 75153_544965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:09
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға арналған шығындар (бұдан әрі – оқытуға арналған шығындарды өтеу) ай сайын, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2. Мыналар анықталсын:
1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі –алушылар) көрсетіледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
мүгедек баланың қайтыс болуы;
мүгедек баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.
Артық төленген сомалар – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
3 3. Оқытуға арналған шығындарды өтеу тиісті оқу жылының ішінде жүзеге асырылады және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі деп белгіленсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 02 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ В. Константинов
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Н. Дорошок