О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 206
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 10.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2014 75155_187265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NB004284
- ЭКБ идентификаторы
- 75155
- Редакция идентификаторы
- 75155_187265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:07
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Рудный қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ С. Костина
3 Мәслихаттың
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 206 шешіміне қосымша
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – шығындарды өндіріп алу) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тағайындалады және төленеді.
2 2. Шығындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарына және өзге заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) өндіріп алынады.
3 3. Шығындарды өндіріп алуды тағайындау үшін алушы өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1 1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2 2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3 3) баланың туу туралы куәлігін;
4 4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың үйде оқыту ұсынысы бар қорытындысын;
5 5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектік туралы анықтамасын;
6 6) банкта шоттың бар болуы туралы құжатты ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.