О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 206
·
10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 10.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2014 75155_187265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NB004284
- ЭКБ идентификаторы
- 75155
- Редакция идентификаторы
- 75155_187265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:07
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Рудный қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ С. Костина
3 Мәслихаттың
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 206 шешіміне қосымша
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – шығындарды өндіріп алу) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тағайындалады және төленеді.
2. Шығындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарына және өзге заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) өндіріп алынады.
3. Шығындарды өндіріп алуды тағайындау үшін алушы өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) баланың туу туралы куәлігін;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың үйде оқыту ұсынысы бар қорытындысын;
5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектік туралы анықтамасын;
6) банкта шоттың бар болуы туралы құжатты ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.