Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Өзге акт · № 347 · қабылданған 08.11.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7516/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы Қолданыста 08.11.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Қолданыста Өзге акт № 347 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы
Атауы (қаз.)
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
08.11.2000
Көрсетілген редакция
08.11.2000 · қолданыстағы 7516_295799.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000456_
ЭКБ идентификаторы
7516
Редакция идентификаторы
7516_295799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:11
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы 2000 жылғы 18 мамырдағы № 79-Ө өкімін орындау және облыс халқының арасында туберкулездің кең тарауын тоқтату үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев), Қызылорда қаласының әкімі (Қ.Баймаханов):

1) 2001 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің құрамында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдейтін 30 төсектік бөлімше ашсын;

2) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің ерекшелігіне сәйкес қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің штаттық кестесіне және қаржыландыруына өзгерістер енгізсін;

3) осы бөлімшені күрделі жөндеуден өткізу және күзету мәселелері бойынша қосымша қаржы бөлуді қарасын.

2. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), республикалық мемлекеттік "Күзет" кәсіпорнының "Қызылорда" бөлімшесі (Ж.Досжанов):

1) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің тәулік бойы күзетілуін, дабыл қағу және шұғыл байланыс жүйесі құралдарымен жабдықталуын;

2) науқастарды мәжбүрлеп емдеуге және медициналық куәландыру орындарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне мәжбүрлеп емдеуден өткен науқастардың әлеуметтік қалыптасуына, жұмысқа орналасуына тұрақты түрде көмек көрсету тапсырылсын.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.