Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности

Қаулы · № 542 · қабылданған 10.10.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75209/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 542 ·10.10.2013
10.10.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 542 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
542
Қабылданған күні
10.10.2013
Көрсетілген редакция
10.10.2013 75209_220175.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NJ004287
ЭКБ идентификаторы
75209
Редакция идентификаторы
75209_220175
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:07

0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

әкімдіктің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 "Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-94 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдеде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған);
әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 52 "Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 әкімдік қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-136 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
_______ М. Кененбаева

4 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2013 жылғы 10 қазан
№ 542 қаулысына
қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) барлық мамандықтар мұғалімдері;

2 2) директор;

3 3) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

4 4) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

5 5) әлеуметтік педагог;

6 6) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

7 7) аудармашы;

8 8) қосымша білім беру педагогы;

9 9) педагог-психолог;

10 10) кітапхана меңгерушісі;

11 11) кітапханашы;

12 12) тәрбиеші;

13 13) аға вожатый;

14 14) медбике;

15 15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) директор, басшы;

2 2) сектор, бөлім меңгерушісі;

3 3) барлық атаудағы суретшілер;

4 4) әдіскер;

5 5) аға кітапханашы;

6 6) кітапханашы;

7 7) мәдени ұйымдастырушы;

8 8) музыкалық жетекші.

Қолданыстағы