Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности

Қаулы · № 455 · қабылданған 27.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75243/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 455 ·27.09.2013
16.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 455 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
455
Қабылданған күні
27.09.2013
Көрсетілген редакция
16.04.2014 75243_145019.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13TH002791
ЭКБ идентификаторы
75243
Редакция идентификаторы
75243_145019
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:13

0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 186-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мусаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
Құрманғазы аудандық мәслихатының
ХVІІІ сессиясының төрағасы Ш. Жәлелов
Құрманғазы аудандық мәслихатының
хатшысы Р. Сұлтанияев

4 Аудан әкімдігінің

2013 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 455 қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:
мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман.
Білім беру мамандары лауазымдары:
мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;
жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және орта бiлiмнен кейiнгi білім, қосымша бiлiм берудің басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) оқу iсi, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
әдістемелік кабинет басшысы;
интернат, кітапхана, шеберхана меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, тәрбиеші, әдістемеші, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші, алғашқы әскери даярлық жетекшісі, қосымша білім педагогы, жетекші, нұсқаушы, өндірістік оқыту шебері, еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында), әлеуметтік педагог, психолог, педагог-ұйымдастырушы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім), кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог), педагог-психолог, медициналық бике, кітапханашы, емдәм бикесі.
Мәдениет мамандары лауазымдары:
мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы;
мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы;
көркемдік жетекші;
кітапхана, клуб меңгерушісі;
әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, менеджер, солист, библиограф, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, үйірме жетекшісі.

Қолданыстағы