Құжат мәтініне өту

Об Агентстве Республики Казахстан по защите прав потребителей

Жарлық · № 691 · қабылданған 13.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75269/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об Агентстве Республики Казахстан по защите прав потребителей Қолданыста Жарлық ·№ 691 ·13.11.2013
13.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об Агентстве Республики Казахстан по защите прав потребителей

Қолданыста Жарлық ·№ 691 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об Агентстве Республики Казахстан по защите прав потребителей
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
691
Қабылданған күні
13.11.2013
Көрсетілген редакция
13.11.2013 AI75269_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1300000691
ЭКБ идентификаторы
75269
Редакция идентификаторы
AI75269_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:53

0 Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөлу жолымен оған:

1 1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;

3

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн (бұдан әрі – Комитет) таратсын;

2 2) таратылатын Комитеттің және жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың тиісті штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;

3 3) таратылатын Комитеттің құқықтары мен міндеттері бойынша Агенттікті құқықтық мирасқоры деп белгілесін;

4

4) Агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган деп белгілесін, сондай-ақ оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі функциялар берілсін;

5 5) 2013 жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдасын;

6 6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1 1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі».

4 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті                            Н.Назарбаев

Қолданыстағы