О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 21.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2014 AI75275_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NL004289
- ЭКБ идентификаторы
- 75275
- Редакция идентификаторы
- AI75275_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:04
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (әрі қарай - бала-мүгедектер) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын ай сайын тиісті жылға заңнамамен белгіленген, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алуын қамтамасыз ету.
2 2. Анықталсын:
1 1) бала-мүгедектерді үйде оқытуға шығындарын өтеу "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалады.
2 2) шығындар үйде оқитын бала-мүгедектердің ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне өтеледі.
3
3) шығынды өтеу үшін тұтынушы өтінішті, жеке куәліктің көшірмесін, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін, бала-мүгедектер үшін - тууы туралы куәлігінің көшірмесін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде оқытуға ұсынысын, медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектігі туралы сараптамалық қорытындысын, банктік шот туралы құжаттың көшірмесін, үйде оқуды растайтын құжатты ұсынады.
4 4) шығынды өтеу бойынша төлемдер 18 жасқа толмаған әрбір бала-мүгедекке ай сайын тиісті оқу жылының ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
____________________ Т. Салмина