Құжат мәтініне өту

О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 413 · қабылданған 07.10.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75305/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак» Қолданыста Бұйрық ·№ 413 ·07.10.2013
18.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Қолданыста Бұйрық ·№ 413 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
413
Қабылданған күні
07.10.2013
Көрсетілген редакция
18.04.2025 75305_756262.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008880
ЭКБ идентификаторы
75305
Редакция идентификаторы
75305_756262
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:09

0 "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағида

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 7 қазандағы
№ 413 бұйрығымен
бекітілген
Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерімен (бұдан әрі – Стипендиат) оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау, Стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, үлгерім мониторингі мен Стипендиаттардың еңбек қызметін жүзеге асыру, Стипендиаттардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу шартын жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) академиялық демалыс – Стипендиаттың шетелдік жоғары оқу орнымен келісім бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де айрықша жағдайларда оқуын уақытша тоқтату кезеңі;

2 2) академиялық оқу – шетелдік жоғары оқу орнында дәреже алуға, резидентурада оқуға бағытталған оқу процессі;

3 3) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлері өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесу органы;

4 4) депозит – оқу және/немесе тұру үшін кепілді жарнаның аванстық төлем сомасы;

5

5) еңбек қызметі (жұмыспен өтеу) – Іріктеу қағидаларының 24-тармағының 5) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында бола отырып, Қазақстан Республикасында алынған мамандық бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру бөлігінде шарттағы міндеттемелерді орындау процесі;

6 6) кепіл хат – тілдік курстарға, академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге тіркелу және виза ресімдеу үшін Стипендиаттарға Қоғам беретін, шығыстарды жабу міндеттемесін кепілдендіретін ресми хат;

7

8 8) орналастыру – шетелдік жоғары оқу орнын, шетелдік ұйымды таңдау, стипендиаттың Стипендиаттың тілдік курстарға, академиялық оқуға құжаттар тапсыру және түсу рәсімі;

9 9) өтініш-сауалнама – шетелдік жоғары оқу орны, шетелдік ұйым әзірлеген құрылымдалған сұхбат негізінде қалыптастырылған сұрақтарды қамтитын сауалнама;

10 10) преференс-нысан – шетелдік жоғары оқу орны және тағайындалған мамандық баламалары көрсетілген академиялық оқуға орналастыру үшін толтырылатын нысан;

11 11) түлек – тиісті академиялық дәреже тағайындалумен резидентураны аяқтаған немесе тағылымдамадан өткен және академиялық оқуды аяқтағаны немесе тағылымдамадан өткені туралы тиісті құжатты алған Стипендиат;

12 12) тілдік мектеп – Стипендиаттардың тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым;

13 13) тілдік курстар – тілдік тесттерге дайындық курстарды қамтитын, академиялық бағыттағы шет тілін меңгеру деңгейін арттыру курстары;

14 14) шартсыз шақырту – оқу мерзімдері көрсетілген, оқу ақысы туралы шартты қоспағанда, түсу үшін қажетті шарттарды қамтымайтын академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге ресми шақырту;

15 15) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) – «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

16 16) шетелдік жоғары оқу орны (бұдан әрі – Оқу орны) – Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуы шеңберінде таңдалған мамандық бойынша жоғары кәсіби білім беретін ұйым;

17 17) шетелдік ұйым – Стипендиаттардың тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын Оқу орны, ұйым;

18 18) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) – Қазақстан Республикасының Үкіметі «Болашақ» халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) әкімшілендіру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға өкілдік берген ұйым.

2 2-тарау. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі мен шарттары

3

3. Стипендиат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) белгіленген мерзімдерде Қоғаммен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрықпен (бұдан әрі – Бұйрық) бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасады.

3-1

3-1. Стипендиат ауырған, іссапарда болған және оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған жағдайда Стипендиат Іріктеу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей белгіленген мерзімде оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мүмкін еместігі туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мерзімін ұзарту туралы Комиссияға жүгінеді.
Оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту мерзімі Комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайды.
Оқу/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау сәтінде бұйрықта академиялық оқу/тағылымдамадан өту елінің тамақтану, тұру және оқу әдебиетін сатып алу шығыстар нормалары болмаған жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі.

4 4. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға байланысты мәмілелер Қоғамның орналасқан жерінде жасалады.

5 5. Стипендиат Қоғамға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынады.

6 6. Оқу шартында көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Стипендиат бағалық құны Стипендиаттың жалпы оқу құнынан кем емес жылжымайтын мүлікті кепілге ұсынады. Жылжымайтын мүлік кепіл шарты Қоғам мен жылжымайтын мүліктін меншік иесі арасында жасалады.

Бұл ретте «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен бастап Стипендиатқа және (немесе) шарттағы міндеттемелерді орындау үшін қамтамасыз етілген оның жақын туыстарына жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға жол берілмейді.

7 7. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының мәні қандай да бір шектеусіз және ауыртпалықсыз меншік құқығы тіркелген кез келген жылжымайтын мүлік болып табылады.

Бұл ретте жылжымайтын мүліктің салынған жылы кепіл шартын жасасу күніне 50 (елу) жылдан аспайды.

8 8. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы жүзеге асырылады.

9

9. Жылжымайтын мүлік кепілі шарты, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің үш данасына тараптар қолдарын қояды және жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс. Тіркеуші органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепілі шартының немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің бірінші данасы тіркеуші органға, екінші данасы кепілгерге, үшінші данасы Қоғамға беріледі.

10 10. Оқу құнын жабатын ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік болмаған немесе оның құны жеткіліксіз болған жағдайда, кепілге Стипендиатқа, оның отбасы мүшелеріне (ата-анасына, жұбайына, балаларына), сондай-ақ үшінші тұлғаларға меншік құқығында тиесілі барлық ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік қабылданады.

11 11. Стипендиаттың академиялық оқуының жалпы құны жабылмаған жағдайда, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға кепілдік шарт (-тар) жасалады.

Жабылуға тиісті сомаға байланысты кепілгерлер мынадай санда ұсынылады:
оқу құны кепілзатпен жетпіс пайыздан артық қамтамасыз етілген жағдайда – бір кепілгер;
оқу құны кепілзатпен елу пайыздан жетпіс пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – екі кепілгер;
оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан елу пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – үш кепілгер;
оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан кем қамтамасыз етілген жағдайда – төрт кепілгер.
Академиялық оқуға жіберілетін, ауылдық елдімекенде соңғы 2 (екі) жыл ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан екі кепілгердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылады.

11-1

11-1. Стипендиаттың, оның отбасы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары) меншік құқығына тиесілі, ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда, оқу шартында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Стипендиат оқу шығындары сомасына байланысты 5 (бес) кепілгерді ұсынады.

12 12. Тағылымдамадан өтуге жіберілетін Стипендиаттар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады.

13

13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады. 12 (он екінші) ай үшін зейнетақы жарнасын есептеу болмаған кезде, егер кепілдік шартын жасасу ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылса, соңғы 11 (он бір) күнтізбелік ай үшін зейнетақы аударымының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға жол беріледі.
Оқуды ұйымдастыруға, тағылымдамадан өтуге не ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттың талаптарына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурс жеңімпазына стипендия тағайындалған күннен бастап шарттағы міндеттемелерді орындау аяқталғанға дейін кепілгер бола алмайды.»;

14 14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады.

15 15. Қоғамда кепілде тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу Стипендиат барлық шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырылады.

Кепіл берушінің немесе Стипендиаттың (немесе сенім білдірілген адамның) өтініші бойынша Стипендиаттың міндеттемесін тиісті орындағанын тексергеннен кейін Қоғам жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат береді.

16

16. Стипендиаттың міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге берілген кепіл мүлкін ауыстыруды жүзеге асыру үшін мынадай санаттар: Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 314-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ұсынылатын жылжымайтын мүліктің құны, сапалық және сандық сипаттамалары, географиялық орналасуы, сондай-ақ егер стипендиат оқуын аяқтаған жағдайда, оқудың нақты құны ескеріледі.

17

17. Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет.
Жылжымайтын мүліктің жаңа кепіл шарты кепіл затын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген тәртіппен жасалады.

17-1 17-1. Кепіл затын ауыстыру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады.

18 18. Жаңа кепіл шарты мемлекеттік тіркелгеннен кейін кепіл заты ауыстырылғанда Қоғам өтініш берушіге Қоғамға жаңа кепіл шартының данасын тіркелгені туралы белгісімен ұсынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрынғы кепіл затынан ауыртпалықты алу үшін хат (еркін нысанда) және сенімхат береді.

3 3-тарау. Стипендиаттарды тілдік курстарға, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру тәртібі, үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингін жүргізу

19 19. Тілдік курстарға, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру оқуға/тағылымдамадан өтуге шарттар күшіне енген сәттен басталады.

20 20. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Орталық тілдік мектептің жақындағы жиынына (оқудың басы), бірақ оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау күнінен бастап күнтізбелік 6 (алты) айдан кешіктірмей тілдік курстарға орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

20-1

20-1. Стипендиаттың орналасу мерзімін кейінге қалдыруды алу, оқу елін, жоғары оқу орнын, мамандығын ауыстыру, оқуды ұзарту не ауыстыру (қосымша шығыстар болмаған кезде бір жылдан аспайтын мерзімге бір рет ауыстыруды қоспаған жағдайда) қажеттілігі туындаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса өтінішпен Комиссияға жүгінеді.
Бір реттік оқу не тағылымдамадан өту мерзімін ауыстыру Комиссияның қарауына шығарусыз қосымша шығыстары болмаған жағдайда растаушы құжаттарды қоса бере отырып, бір жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру туралы Стипендиаттың өтініші негізінде ауыстырылды деп есептеледі.

20-2

20-2. Стипендиаттың оқуын ұзарту қажет болған жағдайда пайдаланылмаған кері билеті Комиссияның осы мәселені қарау нәтижесіне қарамастан, бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген оқуды бастапқы жоспарлы аяқтаған сәттен бастап екі жыл ішінде, сондай-ақ академиялық демалыста болған кезеңде сақталады.

21 21. Орталық Стипендиаттың өтініші келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілхат тапсырады.

22

22. Тілдік курстар «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) 7-қосымшасына сәйкес тілдік курстар ұзақтығының кестесіне сәйкес көзделген мерзім ішінде жалғасады.

22-1

22-2

22-3

22-4 22-4. Стипендиаттарды академиялық оқуға орналастыру тілдік курстарды аяқтаған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей жүзеге асырылады.

23 23. Академиялық оқуды ұйымдастыру үшін Стипендиат (академиялық оқуға өз бетімен түскендерді қоспағанда) Қоғамға академиялық оқуға түсу үшін Оқу орнын таңдау үшін преференс-нысанды ұсынады.

24

24. Стипендиатты преференс-нысанға сәйкес Оқу орындарына академиялық оқуға орналастыру барысында Стипендиат өтініш-сауалнамаларды өз бетінше толтырады және Оқу орны белгілеген мерзімде тапсырады. Орталық өтініш-сауалнамаларды бекітеді және Стипендиаттарды бұл туралы ресми хабарламамен хабарландырады.

25 25. Оқу орындарының шартсыз шақыртуын алғаннан кейін Стипендиат Қоғамға таңдап алған Оқу орнында оқу туралы жазбаша нысандағы келісімін ұсынады.

26 26. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжаттар ресімдеу үшін негіз болып табылады. Визаны Стипендиат өз бетімен ресімдейді.

27

27. Стипендиат Орталыққа оқу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін (виза алғаннан кейін Қазақтан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге алғаш рет баратын тұлғаларды қоспағанда) және бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес әрбір оқу жылының тілдік курстары, тағылымдама мен академиялық оқу аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша әуебилетін сатып алу туралы жазбаша нысанда өтініш білдіреді.

27-1

27-1. Стипендиат оқудың толық курсын аяқтаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына оралады, Қоғамға Қазақстан Республикасына келгені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесін, оқуды аяқтағаны туралы өтінішті, оқу шартына сәйкес дәреже, мамандық берілгені туралы құжаттың нотариалды расталған аудармасын, диссертациялық/дипломдық жұмыс үшін бағасын көрсете отырып, бүкіл оқу кезеңіндегі транскриптті, диссертациялық/дипломдық жұмыстың электрондық нұсқасын ұсынады және алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға кіріседі.

27-2

27-2. Егер стипендиат Қазақстан Республикасының аумағына оралғаннан кейін оған дәреже берілгені туралы құжатты ұсынбаған болса, бұл ретте стипендиат оқу шартының барлық шарттары мен талаптарын, оның ішінде оқу үлгерімі бойынша орындаған және оқу орнының оған дәреже беру туралы қарау шарттарына, мерзімдеріне байланысты өзіне тәуелді емес себептер бойынша оқудың толық курсын аяқтаған болса, онда көрсетілген құжатты ұсынбай Қазақстан Республикасының аумағына оралғаннан кейін жұмыс берушіде еңбек қызметін жүзеге асырудың басталу кезеңі оқу орны оған бекітілген оқу жоспарында белгіленген диссертация қорғалған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей дәреже берген жағдайда еңбек өтіліне есептеледі.

28 28. Үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбекпен өтеу түлектің алған мамандығы бойынша Іріктеу қағидаларының 24-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте ұсынылған транскриптке сәйкес академиялық оқу кезеңінде өткен негізгі пәндер бойынша еңбек өтілімі есептеледі.
Түлектен немесе кепіл берушіден ауыртпалықты алу туралы өтініш түскенде Қоғам түлектің еңбек өтілімі бойынша шарттық міндеттемелерінің орындалуын төмендегілерді:
түлек оқуды/тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушілердің еңбек кітапшасындағы жазбаларын;
еңбек өтілімінің талап етілетін кезеңі ішінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелерде көрсетілген зейнетақы аударымдарын (Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты заңнамасының ерекшеліктері ескерілген);
жұмыс берушінің растаушы құжаттары мен мерзімі көрсетілген іссапарға жіберу туралы ақпаратты (егер бар болса);
Іріктеу қағидаларының 24-тармағы 5) тармақшасының ерекшеліктерін ескере отырып, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бола отырып, еңбек қызметін жүзеге асыруды (еңбекпен өтеу) есепке алып, тексереді.
Еңбек өтілімі мерзімдерін есептеуді Қоғам күнтізбелік күндермен жүзеге асырады. Конкурс жеңімпаздарының еңбек өтілімін жүзеге асыруының мерзімдері мен орны Іріктеу қағидаларымен реттеледі.
Түлек еңбек қызметін астанада немесе республикалық маңызы бар қалада, содан кейін өңірлерде немесе керісінше жүзеге асырған жағдайда, еңбек өтілімі мерзімін есептеу астанада немесе республикалық маңызы бар қалада атқарылған жұмыс күндері саны мен өңірде атқарылған жұмыс күндері санының пайыздық ара қатынасын қосу жолымен жүзеге асырылады.
Түлек шарт талаптарына сәйкес еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Орталық барлық шығынды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына шығаруға бастамашылық жасайды.

28-1 28-1. Түлектің жүктілік және бала туу бойынша демалыста, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңдері еңбек өтілімін жүзеге асыру мерзіміне есептеледі.

28-2

28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:

1 1) еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;

2 2) мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

3 3) жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу;

4 4) шетелде академиялық оқуда оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

5 5) Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда, докторантура бағдарламасы бойынша академиялық оқуды жалғастыру;

6

6) Стипендиат тиісті академиялық дәреже берілген сәттен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде жүгінген жағдайда шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы Стипендиат өтініш берген сәтінде рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік ұйымдарының («Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies») әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өтуі;

7

8 8) алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімде посдокторантурадан өту.

Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру Қағидалардың осы тармағының 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі.

28-3 28-3. Егер өтініш білдірген ата-ананың екеуі де стипендиат болса, үш жасқа дейінгі бала (балалар) тәрбиелеуде болған кезде еңбекпен өтеуді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру стипендиаттардың біріне беріледі.

29

29. Оқуды уақытша үзу қажет болған жағдайда, Стипендиат Қоғамға академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту туралы жазбаша нысанда өтініш жасайды. Академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту мәселесін бала үш жасқа толғанға дейін оның тууы, бала асырап алуы, заңнамада белгіленген жағдайларда әскери қызметке шақыру кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру жағдайларын қоспағанда Комиссия қарайды.

30

30. Шетелде оқуға кедергі болатын аурулар туындаған жағдайда, Стипендиат шетелдік емдеу мекемесі берген анықтама көшірмесін ұсына отырып, Орталыққа бұл туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде оқып жатқан мамандығы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігінің болмауы туралы қорытындымен емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссиясы берген (бұдан әрі – ДКК) анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.
Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы бойынша академиялық демалыс ауруы бойынша алтыдан он екі айға дейінгі ұзақтыққа беріледі. Туберкулезбен ауырған жағдайда, академиялық демалыс туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұсынылады.

31

31. Академиялық демалыс Стипендиатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген баланың туғанын, асырап алғанын растайтын құжаттың негізінде үш жасқа толғанға дейін заңнамада белгіленген жағдайларда, сондай-ақ бала туғанға, асырап алынғанға дейін әскери қызметке шақыру кезеңіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру қағазы негізінде беріледі және ұзартылды деп есептеледі.

32 32. Оқуын қалпына келтірген жағдайда, Стипендиат Қоғамға шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.

4 4-тарау. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, стипендия аудару және төлеу, оқуға ақы төлеу, шығыстарға аванс беру, Стипендиат өз қаражаты есебінен жүргізген шығыстарды өтеу, «Болашақ» стипендиясынан айырылған/бас тартқан кезде Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу

33

33. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында (бұдан әрі – Жұмсау бағыттары) көзделген шығыстарды төлеуді қамтиды.

34

34. Қоғам Оқу орны белгілеген мерзімдерде тағайындалған оқу бағдарламасы мен мамандығы бойынша Оқу орнындағы оқуын аяқтау және академиялық дәреже алу үшін кредиттердің, пәндердің ең аз санын төлейді. Тиісті деңгейді алу үшін қосымша міндетті емес кредиттерді Стипендиат өз бетімен өз қаражаты есебінен төлейді.

35

35. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға стипендия есептеу және төлеу Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес, бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес стипендиаттың оқу еліндегі нақты оқу кезеңі үшін ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

36 36. Оқу орындары мен шетелдік ұйымдарға инвойстар мен сметалар бойынша оқу ақысының төленуін көрсету оқуға ақы төлеу үшін валюта сатып алу күніне екінші деңгейлі банк белгілеген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.

37

37. Стипендиаттың өтініші негізінде Қоғам стипендиаттарға виза ресімдеу, ұзарту (Стипендиат шетелде болған жағдайда), тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру шығыстары бойынша Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес тұруға және тамақтануға арналған стипендия бойынша алты айлық нормативтерден аспайтын аванс береді.
Аванс беру кезінде авиаагенттіктермен тиісті шарт болмаған жағдайда, Қоғам Стипендиаттарға авиабилет(тер) сатып алуға аванс береді.
Бұл ретте әуе көлігін пайдаланғаны үшін жол жүру бойынша шығыстарға аванс беру Стипендиат әуебилетін (терді) брондау сәтінде жол жүрудің ең аз құнына жүргізіледі.
Қоғам оқу орнының талаптары бойынша стипендиаттардың оқуына (оқуға депозит) және міндетті қызметтерге ақы төлеуге аванс беруді жүргізеді.

38 38. Стипендиаттарға аванс беру аванс төлеуге ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

39 39. Аванс алу үшін аванс беруге өтінішті және аванс сомасын растайтын құжаттың (инвойс, жалдау туралы шарт, Оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиа ұшу құны немесе авиа билет брондау туралы ақпарат) көшірмесін ұсыну қажет.

40 40. Стипендиаттарға аванс беру бойынша қарызды жабу Стипендиаттың шығыстарды нақты төлеу күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларына сәйкес жүргізіледі.

41 41. Аванс (тұруға/тамақтануға авансты қоспағанда) алғаннан кейін Стипендиат ақша аударылған күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес ақыны растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.

42

42. Ақыны растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы стипендиямен байланысты келесі төлемдерді есептеу кезінде Қоғамның ұстауына жатады. Бұған қоса, келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Қоғамға өтеуіне жатады.

43 43. Тұруға/тамақтануға аванс сомасы стипендия есептеу сомасынан ұсталады.

44 44. Оқуға депозит сомасы, егер Оқу орны оқуға депозит ақысын есептемегенде, оқудың толық құнын көрсетсе, оқу ақысы сомасынан есептеледі.

45 45. Шығыстарға аванс беру бұған дейін берілген жабылмаған аванстың осыған ұқсас шығыстары не стипендия бойынша айлық нормативтен асатын бұған дейін берілген жабылмаған аванс қалдығы болған жағдайда жүргізілмейді.

46 46. Аванс аудару Стипендиаттың өтініші тіркелген күннен және аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

47 47. Қоғам Жұмсау бағыттарында қарастырылған, Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жасалған шығыстарды өтеуді Стипендиаттың академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей жүзеге асырады.

48 48. Стипендиаттардың жұмсаған шығыстарын өндіру шығыстарды өндіру ведомоствосы құрылған күнге валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

49 49. Визаны (консулдық жиынды) ресімдеуге, ұзартуға ақыны Стипендиат төлейді және Стипендиат виза алған жағдайда Қоғамға ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары негізінде Қоғам тарапынан кейіннен өндіруге жатады.

50

50. Өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіру үшін Стипендиат Қоғамға шығыстарды өндіруге жазбаша өтініш пен жүргізілген шығыстар сомасын растайтын құжаттарды ұсынады. Өтеу бойынша қаражатты аудару осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген талаптарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес Стипендиат төлемді растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, Қоғам өтінішті тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

51 51. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясынан айырылған жағдайда, айыпақыны (айыппұлды) төлеуді қоса алғанда, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап стипендиатқа жұмсалған шығыстар өтелуге тиіс.

Конкурс жеңімпазы «Болашақ» стипендиясынан бас тартқан жағдайда, айыпақыны (айыппұлды) төлемей, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап Комиссияның шешімі бойынша стипендиатқа жұмсалған шығыстар өтелуге тиіс.
Егер «Болашақ» стипендиясынан бас тарту не одан айыру еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы салдарынан болған жағдайда, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, әскери іс-қимылдар, блокадалар, стипендия иегерінің ауруы, сондай-ақ конкурстық іріктеу жеңімпазын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамның (жұбайы/зайыбы, балалары) жалғыз қамқоршысы (қорғаншысы) болып тағайындалған, заңнамаға өзгерістер енгізілген, егер мемлекеттік органдар актілерді шығарған және олардың шарттағы міндеттемелерді орындауға тікелей әсері бар, мұндай әсерлерге кедергі жасау және барлық ықтимал шаралар мен ic-қимылдарды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық төлемін (айыппұл) төлеуден босатылады.
Стипендиат шығыстарды (берешекті) өтеу туралы шешім қабылданған және/немесе шығыстарды (берешекті) өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ерікті түрде өтеу туралы келісім жасасады және шығындарды өтеу туралы келісімде көрсетілген мерзімде өтейді.

1 Оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін құжаттар тізбесі

Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия «Болашақ»
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
1-қосымша
Оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін құжаттар тізбесі

1 1. Стипендиаттың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасын және көшірмесін). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін Стипендиатқа қайтарылады.

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес үш жақты шарт жасасқан жағдайда, жұмыс беруші атынан оқу/тағылымдамадан өту шартына қол қоятын адамның өкілеттігін куәландыратын құжаттар.

3 3. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, ауылдық елді мекендерде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Стипендиаттың оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішінде тіркелгенін растайтын тұрғылықты жері туралы мәлімет.

4 4. Дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру.

2 Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесі

Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия «Болашақ»
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
2-қосымша
Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесі

1 1. Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін жылжымайтын мүлік иесіне қайтарылады.

2 2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы мәлімет.

3

3. Кепілге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу шартының сомасын жаппаса, Стипендиаттың өзін (ата-анасын, жұбайын/зайыбын, балаларын) қоса алғанда, құқықтық кадастрдың Стипендиат отбасының барлық мүшелерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы мәлімет.

4

5

6 6. Кепіл шартын жасасу сәтіне дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).

7

8

8. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті сотсыз сатуға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісім өтінішін, сондай-ақ неке туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмесін), меншік иесінің(иелерінің) жұбайының/зайыбының жеке куәлігі (көшірмесі).

9 9. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесінің(иелерінің) отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

10

10. Егер жылжымайтын мүлік сатып алу сәтінде мүлік иесі некеде тұрса, бірақ кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (ажырасқан), азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының (АХАЖ) некені бұзу туралы куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

11

11. Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.
Он төрт жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған мүлік иесінің атынан кепіл шартына, жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, оның ата-анасы/асырап алушылары/қамқоршылары қол қояды.
14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жылжымайтын мүлік меншік иелері ата-анасының/асырап алушының/қамқоршының жазбаша келісімімен өз бетімен кепіл шартын жасайды.
Ата-анасының/асырап алушылардың/қамқоршылардың келісімі жылжымайтын мүлік кепіл шартында кәмелетке толмаған меншік иесі қолының жанынан олардың қолдарымен куәландырылады.

12 12. Егер жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесінен (иелерінен) нотариалды куәландырылған келісім-өтініш.

3 Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі

Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды орналастыруды
жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім
мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге
асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссия
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық
төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларына
3-қосымша
Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі

1 1. Кепілдік берушінің жеке куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі).

2 2. Лауазымы, жұмысқа қабылданған күні және кепілдік шартын жасасу алдындағы соңғы күнтізбелік 12 (он екі) айға жалақы табысы көрсетілген кепілгердің жұмыс орнынан анықтама (анықтамалар).

Өз ісімен айналысатын азаматтар кепілгер ретінде ұсынылған кезде: жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат, сондай-ақ кепілдік шартын жасасу алдындағы соңғы күнтізбелік 12 (он екі) айға алған табысын растайтын құжат.

3 3. Кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) айға зейнетақы аударымдары төлемдерін растайтын құжаттар (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме).

12 (он екінші) ай үшін зейнетақы жарнасы есептелмеген жағдайда, егер аталған шартты жасасу ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылса, кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы күнтізбелік 11 (он бір) ай үшін зейнетақы аударымының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға жол беріледі.

4 «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын қажетті құжаттар тізбесі

Стипендиаттармен оқуға/
тағылымдамадан өтуге шарт жасасу,
стипендиаттарды орналастыруды жүзеге
асыру, стипендиаттардың үлгерім
мониторингі мен еңбек қызметін
жүзеге асыру, стипендиаттардың
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз
ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін
ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау
жөніндегі республикалық комиссия
"Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындау туралы шешім шығарған
күннен бастап тұрақсыздық төлемін
(айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу
қағидаларына 4-қосымша
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының
шығыстарын растайтын қажетті құжаттар тізбесі
№ п/п
Шы­ғыс бап­та­ры
Рас­тай­тын құ­жат­тар
1
виза ресімдеу, ұзарту (консулдық алым)
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банктің штрих/Quick Response (Квик Респонс) коды/электрондық цифрлық қолтаңбасы бар төлем туралы электрондық түбіртектер не банктің мөртаңбасымен расталған клиенттің банк шоты бойынша үзінді көшірмелер не штрих/Quick Response (Квик Респонс) коды/Банктің электрондық цифрлық қолтаңбасы (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі);
2
оқу орын­да­ры­на 5-тен (бес­тен) ас­пай­тын са­у­ал­на­ма ны­са­нын ре­сім­деу және тап­сы­ру
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
2) са­у­ал­на­ма ны­сан­да­ры­ның бар­лық түр­ле­рін ре­сім­де­у­ге және бе­ру­ге тө­лем­дер­ді рас­тай­тын оқу ор­ны­ның элек­трон­дық рас­та­ма­сы­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы.
3
қа­был­да­у­шы ел­дер­дің уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры мен оқу орын­да­рын­да тір­ке­лу
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
2) тір­кеу ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың кө­шір­ме­сі не қа­был­да­у­шы ел­дер­дің уәкі­лет­ті ор­ган­да­рын­да және оқу ор­нын­да тір­кел­ге­ні үшін тө­лем ту­ра­лы элек­трон­дық рас­та­ма­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы.
4
ем­ти­хандар
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
2) сер­ти­фи­кат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі/тө­лем ту­ра­лы элек­трон­ды рас­та­ма­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы.
5
оқу (оның ішін­де оқу­ға ар­нал­ған де­по­зит), оқу орын­да­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша мін­дет­ті қыз­мет­тер
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді), не оқу ор­ны­ның тө­лем­ді рас­тай­тын ха­ты­ның түп­нұс­қа­сы;
2) төлем­нің то­лық жа­зы­луы­мен тө­лем шо­ты­ның (ин­войс) кө­шір­ме­сі неме­се тө­лем ту­ра­лы элек­трон­ды рас­та­ма­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы.
6
мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді), не оқу ор­ны­ның тө­лем­ді рас­тай­тын ха­ты­ның түп­нұс­қа­сы;
2) сер­ти­фи­кат­тың/те­сттің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се сер­ти­фи­кат­тың/те­сттің элек­трон­дық рас­та­ма­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы;
3) ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­дің мін­дет­ті­лі­гі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты рас­та­ма­ның қа­ғаз­ға ба­сы­л­ған нұс­қа­сы.
7
оқу орын­да­ры­ның үл­ге­рім ту­ра­лы ре­сми құ­жат­та­рын (тран­скрипт) ұсы­нуы
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді), не оқу ор­ны­ның тө­лем­ді рас­тай­тын ха­ты­ның түп­нұс­қа­сы;
2) тран­скрипт кө­шір­ме­сі.
8
ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (ше­тел­дік банк­тен/сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­нан ре­сми анық­та­ма/хат ұсы­ну мүм­кін);
2) сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің түп­нұс­қа­сы/кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ішін­де жол жү­ру (те­мір­жол кө­лі­гі, ав­то­бус)
1) жол жү­ру би­ле­ті­нің түп­нұс­қа­сы (те­мір­жол би­ле­ті, ав­то­бус би­ле­ті) не штрих/ Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен элек­трон­ды би­лет;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ішін­де әуе кө­лі­гі­мен ұш­қан жағ­дай­да ку­пе ва­го­ны­ның та­ри­фі­нен жо­ға­ры емес те­мір жол жү­ру құ­ны өте­ле­ді;
1.1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Квик Ре­спонс) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен;
1.2) элек­трон­дық би­лет;
1.3) отыр­ғы­зу та­лон­да­ры­ның түп­нұс­қа­ла­ры не штрих Quick Response (Квик Ре­спонс) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен элек­трон­дық отыр­ғы­зу та­лон(да­ры);
1.4) те­мір­жол вок­за­лы­нан би­лет­ті са­тып алу кү­ніне ку­пе­лі ва­гон­ның құ­ны ту­ра­лы анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы (жұм­сақ ди­ван­да­ры тө­мен ор­на­лас­қан 2 жер­гі­лік­ті ку­пе­сі, оның жағ­дай­ын рет­теу жө­нін­де­гі құ­ры­л­ғы­сы бар оты­ру­ға ар­нал­ған жұм­сақ крес­ло­ла­ры (СВ), сон­дай-ақ жүр­дек по­ез­дар­дың «Ту­рист» және «Биз­нес» сы­нып­та­ры бар ва­гон­дар­ды қо­с­па­ған­да).
Жо­ға­ры­да атал­ған құ­жат­тар бол­ма­ған жағ­дай­да, те­гін, атын, әке­сі­нің атын (бар бол­са), құ­нын, сы­ны­бын, ба­ғы­тын көр­се­те оты­рып және би­лет­ті са­тып алу және пай­да­ла­ну фак­ті­сін рас­тай­тын анық­та­ма­ны авиа­а­гент­тіктен ұсы­ну­ға бо­ла­ды.
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де жол жү­ру
10.1
те­мір­жол кө­лі­гіне, ав­то­бу­с­қа ақы тө­ле­уді өтеу
1) жол жү­ру би­ле­ті­нің түп­нұс­қа­сы (те­мір­жол би­ле­ті, ав­то­бус би­ле­ті) не Quick Response (Квик Ре­спонс) штрих ко­ды бар элек­трон­ды би­лет;
2) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Квик Ре­спонс) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді) неме­се жол ақы­сы көр­се­ті­л­ген жол жү­ру құ­жа­ты­ның түп­нұс­қа­сы.
10.2
Әуе би­лет­те­рі ақы­сын өтеу
1) тө­лем ту­ра­лы чек­тер­дің түп­нұс­қа­ла­ры, тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек­тер, не банк­тің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған кли­ент­тің банк­тік шо­ты бой­ын­ша үзін­ді кө­шір­ме неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (тө­лем фак­ті­сін рас­тай­тын ше­тел­дік банк­тен анық­та­ма/хат ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
2) элек­трон­дық би­лет;
3) отыр­ғы­зу та­лон­да­ры­ның түп­нұс­қа­ла­ры не штрих Quick Response (Квик Ре­спонс) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен элек­трон­дық отыр­ғы­зу та­лон(да­ры);
Жо­ға­ры­да атал­ған құ­жат­тар бол­ма­ған жағ­дай­да, авиа­а­гент­тіктің анық­та­ма­сы­ның/ха­ты­ның түп­нұс­қа­сын те­гін, атын, әке­сі­нің аты (бар бол­са) мы­на­лар­ды көр­се­те оты­рып: би­лет­тің құ­ны, нө­мі­рі, сы­ны­бы, ба­ғы­ты, би­лет­ті са­тып алу және би­лет­ті пай­да­ла­ну фак­ті­ле­рін рас­тау.ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді.
11.
Банк қыз­мет­те­рі (жа­рам­ды­лық мер­зі­мі аяқ­тал­ған­нан кей­ін шы­ға­ру, қай­та шы­ға­ру және банк кар­точ­ка­сы­на қыз­мет көр­се­ту)
банк­тің мөр­та­ба­ны­мен неме­се банк­тің штрих/Quick Response (Quick respons) коды­мен/элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен рас­тал­ған банк­тік үзін­ді кө­шір­ме.

Қолданыстағы