Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма

Бұйрық · № 20 · қабылданған 26.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75354/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма Күшін жойған 27.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма

Күшін жойған Бұйрық № 20 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма
Атауы (қаз.)
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
26.09.2013
Көрсетілген редакция
27.01.2023 75354_621022.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008892
ЭКБ идентификаторы
75354
Редакция идентификаторы
75354_621022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағыңың 2-тармақшасын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасын, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағын, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында»:

1. Қоса берілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.

0 Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 өкімімен
бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын алдын ала болу үшін іріктеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген».

3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.

5. Ұлттық алдын алу тетігіне:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;

2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;

4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;

5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;

7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;

8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;

9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібі

6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының (бұдан әрі - ҰАТҚ) құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) ҰАТҚ іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;

2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;

3) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) шешімдері негізінде ҰАТҚ құрамына алу.

7. ҰАТҚ құрамына ену үшін үміткерлер Үйлестіру кеңесіне ерікті нысанда өтінішін тапсырады.

8. Өтінішке қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

9

10) үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайы көрсетілген бөлек парақ;

11) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.

9. Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.

10. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың ҰАТҚ құрамына іріктеуінен оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.

11. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.

12. ҰАТҚ құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 7 және 8–тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауысымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы немесе алынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

14. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.

15. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ҰАТҚ-на іріктелген тізім Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

16. Үміткерлер арасынан ҰАТ құрамы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.

17. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.

18. Өкілеттілігі тоқтатылған ҰАТҚ алдағы мерзімге ҰАТҚ құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 5) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген үміткерлер қатарынан жүргізіледі.